«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітапхананың қарт оқырмандары үшін «60+ акциясы»

03.11.2020

Кітапхананың қарт оқырмандары үшін «60+ акциясы»
2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты М.Жұмабаев атындағы кітапхана негізгі қызмет көрсетуінің бағыттарын қамтитын «ВОЛОНТЕРСКИЙ ПРОСПЕКТ» әлеуметтік-мәдени жобасын жүзеге асыруда деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атап айтқанда, қоғамның әртүрлі топтары арасында оқуды насихаттау («библиотряд»), әртүрлі кітапханалық формаларды қолдана отырып, қаланың көп балалы отбасыларына үйде кітапханалық қызмет көрсету («библиодесант») сияқты жұмыстар жүргізеді.
Жобаны іске асыру қажетті ақпаратқа тегін қол жеткізу арқылы жеке тұлғаның білім алуына және рухани-адамгершілік жетілуіне ықпал етері сөзсіз.
Сондай-ақ, облыстық кітапхана карантин уақытында оқырманмен жұмыс істей алмаған кезде республикада алғаш болып «60+ акциясын» ұйымдастырған болатын. Акцияның мақсаты тұрақты қарт оқырмандарын жоғалтпау еді. Облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының м.а. Гүлмира Бекназарованың айтуынша, кітаптарды үйге жеткізу жұмыстары арқылы оқырмандар саны да көбейе түскен.
Бұл акция қазіргі уақытта да жалғасуда. Өңірдің барлық кітапханалары осы тәжірибені қабылдап, алдыңғы буын өкілдеріне кітаптар мен мерзімді басылымдарды жеткізеді.

Просмотров: 126


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст