«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қалалық және аудандық мектептердің «Дебат» үйірмелерінің жетекшілеріне арналған «Дебат пен пікірсайыс оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамыту құралы ретінде» атты онлайн-семинар өткізу туралы ақпарат

11.11.2020

Қалалық және аудандық мектептердің «Дебат» үйірмелерінің жетекшілеріне арналған «Дебат пен пікірсайыс оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамыту құралы ретінде» атты  онлайн-семинар өткізу туралы ақпарат

 

Мұғалімдердің білім беру әлеуетін, олардың «Пікірсайыс» ойынындағы құзыреттілігін қалыптастыру, кәсіби шеберлікті арттыру, пікірсайыс шеберлігі мәдениетін және тәжірибе алмасу мәдениетін тәрбиелеуде оқушылармен жұмыс істеудің оңтайлы әдістерін іздеу мақсатында 9 қарашада «Дебат және пікірсайыс коммуникативті дамудың құралы ретінде» атты қала және аудан мектептерінің «Дебат» үйірмелерінің жетекшілеріне арналған онлайн-семинар өтті.

Семинар алаңы: ZOOM платформасы. Іс-шараға қалалық және аудандық мектептерден 47 пікірсайыс командаларының жаттықтырушылары қатысты.

Семинардың құрметті қонақтары: Бекбулатова Гүлсара Арманбекқызы - Бурабай ауданы білім бөлімінің әдіскері және Есекеева Мансия Мұхтарқызы - Ақмола облысы «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы.

Щучинск қаласы  №5 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Абжанов Руслан Маратұлы «Американдық парламенттік пікірсайыстың форматы» тақырыбында баяндама жасады. Тақырып бойынша ақпарат: «Дебат» зияткерлік ойыны студенттердің сыни ойлау құралы ретінде. «АПФ форматы» бағдарламасын «Әділет» дебат клубының жетекшісі  Бардащук  Кристина Нурсахиевна таныстырды. Спикерлердің әрқайсысы пікірсайыс дағдыларын қалыптастыру мәдениетін көтерудің өзекті мәселелерін қозғап, мұғалімдерді «АПФ» ойынының форматымен таныстырды. Конференция соңында модератор – Бардащук Кристина Нурсахиевна конференцияға қатысқандары үшін барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

Просмотров: 201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст