«Арман» БЖШО әдістемелік кеңесі отырысының
№3 хаттамасы
2023 жылғы 30 наурыз
Қатысқандар: Абылкасов Жуматай Базарович, Азербаев Даулет Нурболатович , Алишев Бекжан Дауылбаевич, Андросова Тамара Ивановна, Анисимова Галина Аркадьевна, Ауенова Бибигуль Дюсембаевна, Ахметжанов Айдар Кайрханович, Белявская Асия Анатольевна, Гаврилов Виталий Петрович, Глинов Владимир Петрович, Горлукович Константин Николаевич, Ерёменко Татьяна Викторовна, Ербатыров Азамат Батыргалиевич, Жариков Виктор Владимирович, Жетписбай Сымбат, Жуков Андрей Викторович, Жуков Павел Викторович, Закрин Талгат Мухтарович, Квачёв Владимир Митрофанович, Кононец Игорь Сергеевич, Куандыков Оразбек Базарбаевич, Кузнецов Виталий Александрович, Мухамеджанов Куаныш Максутович, Никитина Наталья Иосифовна, Нурпеисов Канат Султангалиевич, Пядышев Юрий Сергеевич, Алимбекова Юлия Анатольевна, Рублевский Сергей Сергеевич, Рыгина Фарида Рагибовна, Савкина Ольга Васильевна, Слабунов Николай Максимович, Сухопарова Ирина Викторовна, Темиров Орынбай Амангельдинович, Токанов Толеби Сайронович, Тулегенова Гульмира Бегайдаровна, Тургужина Айгуль Айтжановна, Юрченко Наталья Анатольевна, Алимбеков Юрий Александрович, Кусаинов Ермек Баяхметулы, Бойко Алина Михайловна, Блялов Сагат Карсыбаевич, Подгорнова Нина Владимировна, Газезова Назгуль Каирбековна, Егембердиева Ляззат Картаевна, Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна
Қатыспағандар: Матвеева Наталья Александровна (еңбекке жарамсыздық қағазы)
Күн тәртібінде:
1. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу (оларды байқауларға, жарыстарға және т.б. дайындау)
Андросова Тамара Ивановна, «Бастау» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі
2. Ата-аналармен жүргізілген сауалнама қорытындысы «Арман» БЖШО-ның білім беру қызметіне көңілінің толуы.
Юрченко Н.А. директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары
3. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісу. Сухопарова И.В. «ЛФК» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі
4. Педагогтермен жүргізілген сауалнама қорытындысы «Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін сұраныстар мен қажеттіліктер»
Юрченко Н.А. директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары
5. «Тәжірибемен бөлісу. Қашықтықтан оқыту формасы инновациялық білім беру моделі ретінде». Шахмат клубының қосымша білім беру педагогі Кузнецов В.А.
Бірінші сұрақ: «Дарынды балалармен жұмыс жүргізу (оларды байқауларға, жарыстарға және т.б. дайындау)» бойынша «Бастау» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі Т. Андросованы тыңдады, ол әріптестерін «Сәндік-қолданбалы шығармашылықта дарынды балалармен жұмыс жүргізу» тәжірибесімен таныстырды.
Қаулы етті:
- Т. Андросованың ақпараты назарға алынсын.
Екінші сұрақ: «Ата-аналармен жүргізілген сауалнама қорытындысы «Арман» БЖШО-ның білім беру қызметіне көңілінің толуы» бойынша директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол «Арман» БЖШО ата-аналарымен жүргізілген сауалнама қорытындысымен таныстырды.
Мақсаты: «Арман» БЖШО педагогтерінің жұмысына ата-аналардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау. Сауалнаманы жүргізген күн: 09.02.2023 жыл.
Респонденттер саны: 34 ата-ана. Сауалнамаларды талдай келе, ата-аналардың «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының қызметін қанағаттандыратыны анықталды. Бұл орталықтың құрылған жүйесі ата-аналардың қажеттіліктері мен сұраныстарын барынша қанағаттандыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.
Қаулы етті:
- директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- Орталық педагогтары, «Болашақ» шағын орталығының тәрбиешілері қызмет бағыттары туралы толық және уақтылы ақпарат беру мақсатында ата-аналармен ағарту жұмыстарын жалғастырсын. Педагогикалық қызметте отбасымен өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын енгізсін.
Үшінші сұрақ бойынша: «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісу» туралы «ЛФК» йірмесінің қосымша білім беру педагогі И. Сухопарованы тыңдады, ол ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-анасымен жұмыс жүргізу тәжірибесімен бөлісті.
Қаулы етті:
- И. Сухопарованың ақпараты назарға алынсын.
Төртінші сұрақ бойынша: Педагогтермен жүргізілген сауалнама қорытындысы «Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін сұраныстар мен қажеттіліктер» туралы директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол педагогтердің назарына «Оқу процесін ұйымдастыру кезіндегі педагогтердің қиыншылықтарын анықтау» сауалнамасымен таныстырды.
сауалнамаға «Арман» БЖШО барлығы 21 педагог қатысты.
Сауалнамаға сараптама жасағанда көрінгендей, орталық педагогтерінің сезінетін қиыншылықтары көбінесе: «Оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда» (8 педагог 39%), «Өзінің жұмыс тәжірибесін сипаттауда» (5 педагог, 24%), «Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде» (5 педагогов, 24%), «Кабинетті жаңа көрнекі құралдармен жабдықтауда» (5 педагогов, 24
Қаулы етті:
- Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченко әдістемелік кеңес отырысындағы келесі сұрақтарды зерделуді жоспарласын: «Оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Өзінің жұмыс тәжірибесін сипаттау».
- Бөлім меңгерушілері Т. Закрин, Н. Газезова, Ю. Алимбекова бөлімнің ӘБ отырысында «Дарынды балалармен жұмыс жүргізу» мәселесі бойынша тәжірибе алмассын.
Бесінші сұрақ бойынша: «Тәжірибемен бөлісу. Қашықтықтан оқыту формасы инновациялық білім беру моделі ретінде» тәжірибесімен бөліскен Шахмат клубының қосымша білім беру педагогі В.А. Кузнецовты тыңдады. Виталий Александрович қашықтықтан оқытудың түрлеріне, әдістері мен тәсілдеріне назар аударды, сонымен қатар аталған бағыттағы шахмет клубының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Қаулы етті:
- В. Кузнецовтың ақпараты назарға алынсын.