Бурабай ауданының оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл оқушылардың, көшбасшылардың, мектеп оқушыларының өз іс-әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыру, аудан деңгейіндегі мәселелер мен міндеттерді шешуге, сондай-ақ мектеп өміріне қатысу мүмкіндігі. Бурабай ауданының мектеп парламенті жұмысты қалай жүргізуде?
Мектеп парламентінің көшбасшылары құрамындағы министрлер, президент орынбасарлары және оқушылардың өзін-өзі басқару президенті оқу жылы бойы түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді, атап айтқанда жастардың бос уақытын өткізу үшін іс-шаралар ұйымдастырады.
2024 жылғы қысқы слет жұмысы барысында шеберлік сыныптары өткізілді, онда оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары жаттықтырушы ретінде сөйледі:
Сонымен қатар Көшбасшылардың қысқы мектебінде «Балалардың байсалды сұрақтарына ересектердің жауаптары» атты сұхбат алаңына қонақтар мен спикерлер Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Бекбулатова Гульсара Арманбековна, «Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Тургужина Айгуль Айтжановна, «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі Муслимова камила мен «Білім-Инновация» ІТ лицей-мектебінің директоры Нурматов Бабыр Саиткаримович қатысты. Аталған іс-шара барысында оқушылар Балалардың құқықтарын қорғау жөнінде, "TURAN" аула клубы және "Жастар Рухы" жастар қанатына кіру артықшылықтары туралы сұрақтар қойып, спикерлердің жауаптары толық көлемде таратылып, слет қатысушылары өздеріне қажетті ақпаратты алды.
Слеттің барлық қатысушыларына, сондай-ақ "Білім-Инновация" IT мектеп-лицейінің әкімшілігіне, директор Бабыр Саиткаримұлы Нұрматовтың атына іс-шараны өткізуге жәрдемдескені және ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, шеберлік сыныптарын өткізуші көшбасшыларға алғыс хаттар табысталды.
Баймуканов Алишер,
Морозов ат. №3 ЖБМ