2019 жылғы 30-31 қазан күндері Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» тақырыбында инновациялық идеялардың республикалық байқауы өтті. Аталған байқаудың мақсаты оқушыларды ғылым мен техника саласының зерттеу, өнертабыс қызметіне тарту, дарынды балаларға қолдау көрсету және ғылыми-техникалық бағытты одан әрі дамытуға жағдай жасау болып табылады. Осы байқауға қатысу үшін еліміздің барлық аймағынан 160-тан астам жас әрі талантты өнертапқыштар Талдықорған қаласына жиналды.
«Арман» Орталығын Ақмола облыстық командасының құрамында педагогтар В.В. Кузьмин, Т.М. Закрин және «Арго» үйірмесінің шәкірті Артемьев Евгений таныстырды. Қонақтар Сарайға саяхат жасап, балалардың еңбектерімен, көркем кариналар көрмесімен, сәндік-қолданбалы шығармашылық пен робототехникамен танысты. Сонымен қатар, келген қонақтар «Технопаркке», «Тірі мүйіс» пен «Жұлдыздар залына», «Обсерваторияға» барды, «Жетісу» туралы танымдық фильмді тамашалады. «Актерлік шеберлік» үйірмесінің балалары М. Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасының желісімен сахналық қойылым көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы жалпы ұпай санымен 4 орынды иеленді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Закрин Т.М.,
Кәсіптік-техникалық бөлім меңгерушісі,
«Арман» МТОТЖО