Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК әдістемелік бөлім меңгерушісі бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 143102 теңгеден 175590 теңгеге дейін
Лауазымдық міндеттері: бұқаралық ойындар, ұжымдық және ойын қарым-қатынасын өткізеді; білім беру ұйымдарында ойын-сауық кештерін және басқа да бос уақытты өткізеді; сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, балалардың ұжымдық бос уақытының ойын нысандарын әзірлеуге және жасауға қатысады; өткізілетін іс-шараларды көркемдік безендіруге, музыкалық сүйемелдеуге қатысады; дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде қолдайды мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді; оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді; кәсіби біліктілігін арттырады; ата-аналарға және оларды алмастыратын адамдарға, сондай-ақ педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді; әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық қоғамдастықтардың қызметіне қатысады.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология негіздерін; педагогикалық этика нормаларын; білім беру және мәдени-ағарту жұмысы мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың басшылық құжаттарын; өнер тарихы мен теориясының негіздерін; ойындар мен ойын-сауықтардың пайда болуы мен тарихын, олардың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық функцияларын; аудиторияны жандандыру, адамдарды ұжымдық ойын қарым-қатынасына тарту тәсілдерін; бұқаралық ойын-сауық іс-шараларының драмалық құрылысын;
конферанс негіздерін, балалар жас санатына арналған ойын репертуарын; мәдени ұйымдастырушылардың инновациялық жұмыс тәжірибесін; экономика негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 (2022.03.31 № 121) бұйрығына сәйкес: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурс «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық ауыстыру және мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі». Нұр-сұлтан қаласы.
Документы необходимые для участия в конкурсе:
1) осы Қағидаларға 15 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) құжат, жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен – жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін рестайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтары лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе сертификат CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above, немесе айелтс (IELTS) – 6,5 ұпай; немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) – 60 – 65 ұпай;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) жұмыс өтілі жоқ кандидат үшін кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы 720 x 480 бейне презентация (өзін – өзі таныстыру).
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың бірінің болмауы, үміткерге құжаттарын кері қайтаруға негіз бола алады.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды үміткер ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының мекенжайы бойынша ұсынуға тиіс: 021700, Щучинск қ., Елемесов к-сі 50,телефон/факс 8 (71636) 4-32-49-E-mail: armanshuch@mail.ru