20 сәуір 2023 жыл
Қатысқандар: Абылкасов Жуматай Базарович , Азербаев Даулет Нурболатович , Алишев Бекжан Дауылбаевич, Андросова Тамара Ивановна, Анисимова Галина Аркадьевна, Ауенова Бибигуль Дюсембаевна, Ахметжанов Айдар Кайрханович, Белявская Асия Анатольевна, Гаврилов Виталий Петрович, Глинов Владимир Петрович, Горлукович Константин Николаевич, Ерёменко Татьяна Викторовна, Ербатыров Азамат Батыргалиевич, Жариков Виктор Владимирович, Жетписбай Сымбат, Жуков Андрей Викторович, Жуков Павел Викторович, Закрин Талгат Мухтарович, Квачёв Владимир Митрофанович, Кононец Игорь Сергеевич, Куандыков Оразбек Базарбаевич, Кузнецов Виталий Александрович, Мухамеджанов Куаныш Максутович, Никитина Наталья Иосифовна, Нурпеисов Канат Султангалиевич, Пядышев Юрий Сергеевич, Алимбекова Юлия Анатольевна, Рублевский Сергей Сергеевич, Рыгина Фарида Рагибовна, Васильева Ольга Васильевна, Слабунов Николай Максимович, Сухопарова Ирина Викторовна, Темиров Орынбай Амангельдинович, Токанов Толеби Сайронович, Тулегенова Гульмира Бегайдаровна, Тургужина Айгуль Айтжановна, Юрченко Наталья Анатольевна, Алимбеков Юрий Александрович, Кусаинов Ермек Баяхметулы, Блялов Сагат Карсыбаевич, Подгорнова Нина Владимировна, Егембердиева Ляззат Картаевна, Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна, Вотинова Елена Владимировна, Алдабергенова Клара Арынгазиевна, Досмагамбетов Арман Карибаевич, Легкодымова Татьяна Сергеевна
Қатыспағандар: Матвеева Наталья Александровна (еңбекке жарамсыздық қағазы)
Күн тәртібінде:
1. Алдыңғы педкеңес шешімдерінің іске асырылуы.
2. Педагог кадрлады аттестаттау.
3. Қазіргі жағдайдағы қосымша білім беру педагогтерінің инновациялық қызметі.
4. «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы.
5. Қосымша білім беру педагогінің кәсіби стандарты.
6. Қосымша білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде ата-аналармен жұмыс істеудің тиімді әдістері.
7. Шағын орталық тәрбиеленушілерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру.
8. Жазғы кезеңде балаларды демалыспен қамтуды жоспарлау және ұйымдастыру.
Бірінші сұрақ бойынша: «Алдыңғы педкеңес шешімдерінің іске асырылуы» туралы орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол педұжымды алдыңғы педагогикалық кеңес шешімдерінің іске асырылу қорытындысымен таныстырды.
Қаулы етті: А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.
Екінші сұрақ бойынша: «Педагог кадрлады аттестаттау» жөнінде орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол қатысушыларды педагогтар Ю. А. Алимбекованың және С. Жетпісбайдың «Біліктілікті бағалау» және «Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жалпылау» алғашқы екі кезеңінен өту қорытындыларымен таныстырды. Аттестаттау кезеңдерін, қосымша білім беру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерін аттестаттау жүйесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, нақты ұсыныстар берді.
Қаулы етті:
- А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.
- «Арман» БЖШО педагогтері өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруда үздіксіз жұмысты жалғастырсын.
Үшінші сұрақ бойынша: бөлім меңгерушілері Закрин Т.М., Газезова Н.К., Алимбекова Ю.А., «Қазіргі жағдайдағы қосымша білім беру педагогінің инновациялық қызметі» педагогикалық кеңесін өткізудің тақырыбымен, мақсатымен таныстырды
Қазіргі білім беру дараланған, сараланған, жас ұрпақтың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін таңдау жағдайларын жасауға бағытталған.
Педагогтардың алдында оқушылардың білім беру нәтижелерін бағалау тәсілдерін, ұйымдастыру технологиясын, мақсатын өзгертуге бағытталған идеяларды іске асыру міндеті тұр.
Осы жағдайда мұғалім үлкен педагогикалық жұмысты орындауға дайындалуы керек. Жұмыс оқыту тәсілінің өзгеруімен, оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формаларын іздеумен, нәтижелілікке, жалпы білім беру сапасына қойылатын талаптармен байланысты.
Қаулы етті:
- Бөлім меңгерушілерінің ақпараты назарға алынсын.
- орталық педагогтері, шағын орталықтың тәрбиешілері өздерінің кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатында әртүрлі деңгейдегі байқауға дер кезінде қатыссын.
Төртінші сұрақ бойынша: «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы» туралы бұқаралық бөлім меңгерушісі К. Байздрахманованы тыңдады, ол ұжымды «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы бойынша жұмыстың қорытындысымен таныстырды.
Қаулы етті:
- К. Байздрахманованың ақпараты назарға алынсын.
-«Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырсын.
Бесінші сұрақ бойынша: «Қосымша білім беру педагогінің кәсіби стандарты» жөнінде әдіскер Е. Вотинованы тыңдады, ол педагогикалық кеңестің тақырыбына сәйкес келесі таныстырылымды назарға ұсынды. Сондай - ақ, педагог қызметкерлердің назарын кәсіби стандарттың негізгі идеясына-педагогтің балалардың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеу қабілетіне аударды.
Қаулы етті: - Е. Вотинованың ақпараты назарға алынсын.
- Орталық педагогтарын, шағын орталық тәрбиешілері кәсіби даярлықты үздіксіз арттырсын, "Арман" орталығы мен "Болашақ" шағын орталығының әрбір педагог қызметкерінің өз еңбегінің нәтижелері үшін жауаптылықта болсын.
Алтыншы сұрақ бойынша: «Қосымша білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде ата-аналармен жұмыс істеудің тиімді әдістері» жөнінде әдіскер Е. Вотинованы тыңдады, ол «Ата-аналармен серіктестік ұйымдастыру» МІБ қорытындысы бойынша анықтамамен таныстырды.
Сөз сөйледі: директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол ұжымды «Арман» БЖШО педагогтерінің жұмысына ата-аналардың қанағаттанарлық деңгейін анықтау» туралы сауалнама нәтижесімен таныстырды.
Қаулы етті: - Педагогтер, шағын орталықтың тәрбиешілері 2023-2024 оқу жылына арналған ата-аналармен серіктестіктің перстивтік жоспарын әзірлесін.
- МІБ қорытындысы бойынша педагогикалық ұжымның ата-аналармен жұмысы қанағаттанарлық деп саналсын.
Жетінші сұрақ бойынша: «Шағын орталық тәрбиеленушілерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру» туралы орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, шағын орталық тәрбиеленушілерінің қарым-қатынас дағдыларын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша шағын орталық қызметінің қорытындысы туралы сарапатамаыл қанықтаманы оқыды, сонымен қатар қатысқан сабақтарға жан-жақты сарапатама берілді.
Қаулы етті:
- А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.
- Шағын орталық тәрбиешілері Т. Легкодымова, А. Досмагамбетов, сондай-ақ пән мұғалімдері әріптестерінің заманауи озық педагогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, шағын орталық тәрбиеленушілерінің қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырсын.
Сегізінші сұрақ бойынша: «Жазғы кезеңде балаларды демалыспен қамтуды жоспарлау және ұйымдастыру» жөнінде бұқаралық бөлім меңгерушісі К. Байздрахманованы тыңдады, ол «Күншуақ» спорттық-ойын-сауық орталығының бағдарламасымен, сонымен қатар 2023 жылғы жазғы уақыттағы «Арман» БЖШО жұмыс жоспарымен және «Болашақ» шағын орталығының жұмыс жоспарымен таныстырды.
Қаулы етті: «Күншуақ» спорттық-ойын-сауық орталығының бағдарламасы, сонымен қатар 2023 жылғы жазғы уақыттағы «Арман» БЖШО жұмыс жоспарымен және «Болашақ» шағын орталығының жұмыс жоспары бекітілсін.