«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні аясындағы акция

«Арман» Орталығы бірнеше жыл қатарынан көшелер мен жолда жүру қауіпсіздігін насихаттауға мектеп оқушыларын тарту жұмысын жүргізіп келеді.

2005 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған резолюциясына сәйкес, қараша айының үшінші жексенбісі Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Осыған байланысты, 2019 жылғы 15 қараша күні «Арман» Орталығында осы атаулы күн аясында акция болып өтті. Іс-шара барысында қаза тапқандар мен жапа шеккендерді еске алып, өзі мен бөтеннің өмірін сақтауға шақырды.

Акцияға Орталықтың қызметкерлері мен шәкірттері ғана емес, сонымен қатар «Отан» автомектебінің директоры В.П. Рыбальченко, аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция майоры В.П. Семкин қатысты. Соңғы кездегі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер туралы мұңды ақпаратты жеткізіп, қатысушыларды жолда жүру ережесін сақтауға шақырды. 

Акцияға қатысушылар жол-көлік апатынан қаза тапқандары бір миут үнсіздікпен еске алды, ал, аспанға қызыл түсті шарлар ұшырылғанда автокөліктер ұзақ сигналдық дыбыс берді. Осылайша, балалар мен ересектер қолдарынан келгенше жол бойында апаттық жағдайлардың мелінше аз болуына өз үлестерін қосуға үндеді. Жолда жүру ережесі бұзылған жерде немқұрайдылық танытпауға шақырды, бұл-әсіресе, өз өміріңді бағалауға үйретеді.

Іс-шараның соңында «Арман» Орталығының қызметкерлеріне жолда жүру ережесін сақтай отырып, автокөлікті мәнермен жүргізуге ұсыныс жасалды.

Біз «Арман» Орталығының барлық қызметкерлері мен қонақтарына, акцияға қатысушыларға осындай маңызды іс-шараны өткізуге атсалысқандары үшін алғыс білдіреміз. Мұндай іс-шара әр сәт сайын жолда жүргенде өз өміріміз үшін, болашағымызға жауапты екенімізді еске салады.

 

 

Закрин Т.М.,

Кәсіптік-техникалық бөлім меңгерушісі,

«Арман» МТОТЖО

   

 

Жаңартылған күні: 18.11.2019 14:43
Құрылған күні: 18.11.2019 14:43

Текст