КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Бурабай ауданы «Арман»
білім бөлімінің басшысының м.а БЖШО директоры
__________Р.Кунтуган _________ А.Тургужина
Бурабай ауданының оқушылардың өзін-өзі басқару
Президентін сайлау туралы
Ереже
Бұл ереже аудан мектептерінде оқушылардың өзін-өзі басқару Президентін сайлауға дайындық және өткізу кезінде пайда болған қатынастарды реттейді.
Оқушылардың өзін-өзі басқару Президенті мектептегі бірлескен басқару ұйымының көшбасшысы болып табылады, мектеп әкімшілігімен өзара қарым-қатыс кезіндегі мүдделерін ұсынады, мектеп қызметін жақсарту бойынша өз атынан және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, түрлі әлеуметтік жобалар, іс-шараларды ұйымдастырады және бастамашысы болады.
Дауыс беру және дауыстардың есебін шығару үшін мектеп комитеті оқу орнының әкімшілігінің келісімімен мектептің сайлау учаскесін құрады.
1. Бурабай ауданының ОӨӨБ президентін сайлауы 2023 жылғы 6 қазанда сағат 15.00-де «Арман» БЖШО өтеді.
2. Бурабай ауданының ОӨӨБ президентін сайлау үшін әр мектептен 5 оқушыдан шақырылады.
3. Сайлау күні туралы хабарлама оқушылардың назарына жеткізіледі.
4. 8 және 10 сынып оқушылары ауданның ОӨӨБ президенті бола алады.
5. Үміткерлерді тіркеу ағымдағы жылдың 2 қазанына дейін келесі құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) мектеп сайлау округі бойынша үміткер болуға ниеті туралы мәлімдеме; №1 қосымшаны қараңыз
2) үміткер туралы биографиялық мәліметтер;
3) мұғалімне, сынып жетекшісінен, достарынан мінездеме (жалпы саны 3 кем емес);
4) үнпарақтар, үміткердің жеке фотосы, ол туралы қысқаша ақпарат (жетістіктері, наградалары), қысқаша сайлау алдындағы бағдарламасы бар А3 форматтағы плакаттар.
6. Мектептен Бурабай ауданының «Ұланбасына» бір үміткер тіркеуге ұсынылады.
7. Бурабай ауданының ОӨӨБ президенті болуға үміткер болуға мәлімдеме жасауға құқығы бар:
1. Сайлау алдындағы үгіт жүзеге асырылады:
- ашықсайлау алдындағы іс-шаралар өткізу жолымен (сайлау алдындағы жиналыстар, ашық сайлау алдындағы дебаттар мен пікірсайыстар);
- баспа, және басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен.
2. Үміткерлер өздерінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырады. Баяндама 3 минуттан аспауы керек. Баяндама жасау регламентін комиссия мүшесі бақылап отырады, регламент тәртібі бұзылған жағдайда үміткерді тоқтатуға құқығы бар.
3. Сайлау өтетін күні кез-келген үгіт жұмысына тыйым салынады.
4. Үміткерлер оларға сайлау науқанын, сайлау алдындағы үгітті өткізуге көмектесетін, үміткердің мүдделерін қорғайтын сенімді өкілдері болуға құқығы бар (санына шектеу қойылмайды).
Дауыс беру сайлау өтетін күні үміткердің сайлау алдындағы бағдарламасынан кейін өтеді.
Әрбір сайлаушы жеке дауыс береді.
5-11 сынып оқушылары сайлаушы бола алады.
Бурабай ауданының ОӨӨБ президентін сайлау үшін құрамында 7-ден 11 адамға дейін болатын сайлау комиссиясы (әрі қарай - СК) құрылады.
СК мүшелері:
«Арман» БЖШО директоры, «Арман» БЖШО директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Бурабай ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы, Бурабай ауданының «Жас Ұлан» РБЖББ төрағасы, «Аманат» ЖҚ атқарушы хатшысы, қала және аудан мектептерінің аға тәлімгерлері.
СК мүшелері өз араларынан дауыс берудің қорытындысы және сайлау нәтижесі туралы СК құжаттарын, комиссияның басқа да құжаттарын өз қолдарымен растауға құқығы бар СК Төрағасы мен Хатшысын сайлайды.
1. Дауыс беруді есептеу сайлау комиссиясының мүшелерімен дауыс берудің қорытындысын бекіткенге дейін үзіліссіз жүргізіледі.
2. Дауыс беруді есептеу әр үміткер бойынша жеке жүргізіледі.
3. Урноны ашқан соң сайлау комиссиясы бюллетень саны бойынша бекітеді:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны;
2) әр үміткер үшін берілген дауыс саны;
3) жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны;
4. Дауыс беруді есептеу нәтижелері сайлау комиссиясымен қаралады және свайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын хаттамаға енгізіледі.
5. Сайлау қорытындысы мектептің қабырғалық көрнекілігінде орнатылады және мектеп баспасында жарияланады.
6. Бурабай ауданының ОӨӨБ президенті болып анағұрлым көп дауыс жинаған үміткер есептеледі.
8. Байланыс телефондары:
Байздрахманова К.А. «Арман» БЖШО бұқаралық бөлім меңгерушісі
e-mail: mietodist@inbox.ru
мекен-жайы: Елемесов к-сі 50
анықтама үшін тел.: 4 – 32 – 49.
Қосымша ақпарат «Арман» БЖШО сайтында
Қосымша №1
Сайлау комиссиясының
төрайымы
К.Байздрахмановаға
_____________________________
_____________________________
ӨТІНІШ
Мені Бурабай ауданының ОӨӨБ президент орнына үміткер ретінде тіркеуді сұраймын. ОӨӨБ президент орнына сайлау туралы» ережемен таныстым.
Өтінім қоса беріледі.
Бурабай ауданының ОӨӨБ президент орнына сайланатын үміткердің
ӨТІНІМІ
«Арман» БЖШО Щучинск қ. 2023 жылғы 06 қазан
1. Үміткердің Т.А.Ә:________________________________________________
2. Ұйымның толық атауы:_________________________________
3. Хобби: _________________________________________________________
4. Қызығушылығы:______________________________________________________
5. Ұсынатын жобасы:____________________________________________
__________________________________________________________________
6. Үміткердің электронды почтасының адресі:________________________________
7. Телефон: ________________________________________________________
Күні ___________ Қолы ____________