«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектептерде оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру»

Мектептерде  оқушылармен  ғылыми- зерттеу  және  жобалау  қызметін  ұйымдастырудағы тиімді  әдістер
     Бурабай  ауданының  білім  бөлімі  мен  Щучинск қ.  «Білім-инновация IT лицей-интернатының  арасында жасалған  меморандум  аясында  әр  түрлі  іс-шаралар  өткізіліп  отырады. Осындай  іс-шаралардың  бірі  ретінде  2024  жылдың  16  ақпанында  «Мектептерде  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  және  жобалау  қызметін  ұйымдастыру»  атты  тақырыбында  өткен  семинар-практикумды  атап  өтуге  болады.  Бұл  іс-шараға  аудан  мектептерінің  педагогтары  мен  директордың  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасарлары  қатысты.  Семинардың  мақсаты  аудан  мектепттерінде ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және енгізу арқылы оқушылардың жобалау және зерттеу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау, оқушылардың зерттеушілік әрекетінің ерекшеліктерін ашу  болып  табылады. 
       Семинар- практикумның  бағдарламасы  аясында  Бурабай  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  әдістемелік  кабинетінің  әдіскері  Алдабергенова  Клара  Арынгазиевна  «Дарынды  балаларды  жетілдіру  факторы  ретінде  олардың  ғылыми-зерттеу  қызметін  дамыту»  атты  тақырыпта  өз  ойын  ортаға  салып,  дарынды  балалардың  ой-өрісін  дамытуда  ғылыми-зерттеу  жұмысының  маңыздылығын ерекше  атап  көрсетті. «Білім-Инновация IT лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі, "Education and Career Guidance" магистрі  Қадыров Олжас Құсайынұлы "Орта мектепте оқушылардың зерттеу және жобалау қызметін дамыту" жолдарына  тоқталып,  өзіндік  іс-тәжірибесімен  бөлісті. Сол  сияқты,  С.Сейфуллин  атындағы   жалпы  білім  беру  мектебінің  директоры  Шлейнингер  Эльвира  Владимировна   «Мектептегі ғылыми жобаның білім сапасын арттырудағы рөлі» атты  тақырыпта  өз  ойын  оқушыларын    қатыстыра  отырып,  жоба  жұмысының  білім  сапасын  арттыруға  ерекше  ықпалын  дәлелді  түрде  көрсетуге  ұмтылды. Көптеген  жылдар  бойы  Щучинск қаласы № 9-мектеп –гимназиясында  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмысын  нәтижелі  ұйымдастырып  жүрген  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  мұғалімі Сапарбекова Балдыкыз Мусакуловна  өз  мектебіндегі  жүзеге  асырылып отырған оқушылардың  ғылыми -зерттеу  жұмысын ұйымдастырудың  тиімді  жолдарына  тоқталды. Щучинск қаласының    № 7 мектеп-лицейінің  информатика пәнінің мұғалімі Айтжанова Үміт Исаханқызы, оқушыларды ғылыми - зерттеу және жобалау жұмыстарына дайындаудағы  өзінің  басшылыққа  алатын  тиімді әдіс-тәсілдеріне  тоқталды. Ал  Щучинск қ. №4  ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі, директордың  әдістемлік  жұмысы жөніндегі орынбасары Кантарбаева Айнур Абдимараловна  оқушылардың мектеп ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру кезінде педагогтарды әдістемелік сүйемелдеуді жетілдірудің  ұтымды  жолдарын  атады. Семинар барысында «Білім-Инновация IT лицей-интернатының география пәні мұғалім Есмакова Айгерим Кенжебулатовна дарынды оқушылармен ғылыми жұмыс жасау ерекшеліктеріне тоқталды.

Семинар-практикум  соңында Бурабай ауданының ғылыми-зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру бойынша жұмысына рефлексия  жасалып, қорытынды  шығарылды.  «Ашық   микрофон» айдары  бойынша  семинардың  соңғы  бөлімінде сұрақтар  қойылып, жауаптар  мен  ұсыныстар жасалды.

К.А. Алдабергенова,

Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері

Жаңартылған күні: 21.02.2024 11:06
Құрылған күні: 21.02.2024 11:06

Текст