«Келісілді» «Бекітемін»
Бурабай ауданы «Арман» МТОТЖО
Білім бөлімінің басшысы директоры
__________ Ж. Тулегенов _________ А. Тургужина
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған СӨС айлығының аясында «BURABAY Dance» қашықтан аудандық би байқауын өткізу туралы
Қағида
Мақсаты мен міндеттері:
- 8-11 сынып оқушылары арасындағы би бағыттарында СӨС кеңінен насихаттау.
- Оқушыларды салауатты өмір салтына тарту.
- Дарынды жастарға қолдау көрсету және олардың өзін-өзі іске асыруына мүмкіндік жасау.
- Спорттық шеберліктерін арттыру.
- Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқаудың ұйымдастырушылары: «Арман» БЖШО, Сатпаев ат. ЖБМ КММ.
Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары.
Атрибутика: Командалардың атауы, бірыңғай форма.
Өнер көрсету уақыты: 2-4 минут.
Өтінімдер қабылданады: 1 ақпанға дейін.
Бейнероликтерді тапсыру мерзімі: 8 ақпанға дейін.
Материалдарға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысуға жіберілген бейнероликтер келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- Байқауға қатысуға білім беру мекемелерінің оқушылары жіберіледі, оқушылар құрамы 5 адамнан артпауы тиіс.
- Бейнероликтерді түсіру кезінде оқушылар арасында арақашықтық және санитарлық нормалар сақталуы тиіс.
- Конкурстық материал авторлық болуы, яғни байқау қатысушыларының тікелей әзірлеуімен дайындалуы керек.
- Байқауда байқау тақырыбына сәйкес би бағыттарының кез келген бағытын ұсынуға болады. (break dance, jazz modern, сальса, hip-hop, современные бальные танцы, street jazz, vogue, хастл, электро-дэнс, контемп, дансхолл, вог, дабстеп, танец робота, крамп).
- Шығармашылық жұмыстар видео форматында, көлденең қалыпта қабылданады, өлшемі 1080 р, 30 кадр. Мәтін тақырыбын көрсету керек: мектеп, қатысушылар.
- Бағалауға сапасы төмен материалдар қарастырылмайды.
- Байқауға өтінім беру, қатысушының оның барлық талаптарын қабылдайтынын, ұйымдастырушылар оның жұмысын өз қалауы бойынша пайдалануға құқығы бар екенімен келісетінін білдіреді.
- Бейнероликтер «Арман» Орталығының эл.почтасына қабылданады armanshuch@mail.ru
- Бейнероликтер мектептің, бейнероликтің атауы өтінімде көрсетілгендей жазылса қабылданады.
Қазылар мен қатысушыларға арналған бағалау критерийлері:
- музыкалық,
- ерекшелігі,
- күрделілік деңгейі,
- қозғалыстың таңдалған би стиліне сәйкестігі,
- артистизм,
- уақыт регламентін сақтау.
Байқау қазылары: «Арман» Орталығының хореографтары, МҮ хореографтары, БӨМ хореографтары.
Жүлделі орын алған қатысушылар грамоталармен марапатталады. .
Өтінім беру формасы
Мектеп
|
Қатысушының ТАӘ
|
Сынып
|
Команда атауы
|
Жетекшінің байланыс телефоны
|
Жетекшінің ТАӘ
|
|
|
|
|
|
|