«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында театралдық ұжымдар арасындағы «Театрдың ғажайып әлемі» атты облыстық сырттай балалар өнері байқауын өткізу туралы ереже

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында театралдық ұжымдар арасындағы «Театрдың ғажайып әлемі» атты облыстық сырттай балалар өнері байқауын өткізу туралы ереже

Мақсаты: Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу, тұлғаны үйлесімді дамыту құралы ретінде балалар мен жастардың театралдық шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі таныту, әлемді эстетикалық және бейнелі түрде тану қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.

     Міндеттері:

  • халық шығармашылығын құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу;
  • дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету;
  • балалар шығармашылық бірлестіктеріндегі білім беру қызметінің сапасын арттыру;
  • сахналық мәдениет пен шеберліктің биік деңгейіне жеткен балалар мен жастар театралдық ұжымдарын, дарынды орындаушылар мен өз ісінің шебер педагогтерін, балалар және жастар театралдық ұжымдарының ұйымдастырушыларын анықтау;
  • балалар және жастар театралдық ұжымдары арасында шығармашылық қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмастыру үшін қолайлы жағдай туғызу.

Байқауды ұйымдастырушылар: «Арман» балалар-жасөспірімдер шыгармшылық орталығы.

Өтетін орны мен уақыты:  Байқау 2021 жылдың 14 қазанында сырттай өтеді.

Қатысу шарттары: Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының 8-16 жастағы балалар театралдық ұжымдары қатысады. Ұжым құрамындағы оқушы саны сегізден аспауы тиіс.

Әр ұжым әділ-қазылар назарына қазақ немесе орыс тіліндегі спектакльдің мағыналық аяқталған  үзіндісін немесе әдеби шығарманың сахналандырылған қойылымын ұсынуы қажет (қойылым ұзақтығы – 15 минуттан аспауы тиіс).

Карантин кезінде қойылым қою барысында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол берілмеуі тиіс.

       Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Драмалық спектакль».

2. «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл және т.б.).

3. «Әдеби-музыкалық композиция».

4. «Қуыршақ спектаклі».  

         Қатаң талаптар:  

  • спектакль бағдарламасының болуы;
  • мазмұнының балалар жасына сәйкес келуі;
  • композициялық құрылымы, таңдалған жанрға сәйкес келуі;
  • сюжет дамуының серпінділігі;
  • музыкалық сүйемелденуінің спектакль мазмұнымен сәйкес келуі;
  • көркемдік рәсімделуінің эстетикалылығы.

Сапалы жазылған бейнематериал тұтас орындалған роликпен жіберіледі. Әр түрлі орындаудан «кесінділер» қарастырылмайды. Спектакльді көрсету кезінде кейіпкерлерді дыбыстау үшін бұрын жазылған фонограммаларды пайдалануға жол берілмейді.

         Байқау қорытындысын  шығарарда ескеріледі:

Режиссерлік идея және оның орындалуы (спектакльдің көркемдік тұтастығы, драматургиялық материалды таңдауы және онымен жұмыс атқаруы, режиссерлік шешімнің сонылығы).

Актерлік ойын (актерлік мәнерлілік және даралық, актерлердің өзара қарым-қатынасы, шығармашылық еркіндік, кейіпкер бейнесін сомдап шығару).

Спектакльдің музыкалық шешімі (музыкалық шешімнің спектакль бейнесінің тұтастығына сәйкес келуі, орындау кезіндегі шығармашылық шабыт және эмоционалдық мәнерлілік, іс-әрекет қарқынының реттілігі).

Спектакльдің әсем бейнесі (спектакльдің бейнелік әсем шешімі, актерлік ойынның әсем мәнерлілігі, спектакль бейнесінің әсемдік әртүрлілігі).

Спектакльдің көркемдік безендірілуі (декорация, костюмдердің спектакль мазмұнына сәйкес келуі,  безендірілуінің қойылым идеясына сәйкес келуі және оның сонылығы).

Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:

  • туынды тақырыбының толық ашылуы және мәнерлілігі;
  • қойылатын туындының күрделілігі;
  • режиссерлік ойдың сонылығы;
  • актерлік және орындаушылық шеберлігі (актерлердің мәнерлілігі және эмоционалдылығы, рольде ойнау техникасы);
  • орындаушылардың сахналық сөзі;
  • сценография;
  • сахналық мәдениеті;
  • көркемдік безендірілуі (костюмдер, грим, декорациялар реквизиттер, жарық, музыкалық сүйемелдеу);
  • дикциясы;
  • орындаушылардың жас ерекшелігіне репертуардың сәйкес келуі.

         Қатысушыларды марапаттау

Байқау қатысушылары сыйлықтармен, Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Облыстық байқау жеңімпаздарының жетекшілеріне алғыс хаттар табысталады.  Жүлделі орынға лайықты қатысушылар анықталмаған жағдайда, қазылар алқасы оны ешкімге бермеуге құқылы.

Байқаудың қорытындысы Ақмола облысы білім басқармасының arman_shuchinsk инстаграм парақшасына жарияланады .

Байқауға өтінім беру тәртібі:

Білім беру ұйымы басшысының қолымен расталған өтінім мен қойылымның бейнежазбасын 12 қазанына дейін «Арман» орталығының электрондық мекенжайына жіберу қажет:  armanshuch@mail.ru.  Бейнежазбаның сапасы жақсы болуы тиіс. Көрсетілген уақыттан кеш келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.

8. Байланыс телефондары:

Байздрахманова К.А  «Арман» БЖШО бұқаралық бөлім меңгерушісі

e-mail: armanshuch@mail.ru

мекен-жайы:  Елемесов к-сі 50

анықтама үшін тел.: 4 – 32 – 49.

 «Театрдың ғажайып әлемі» сырттай облыстық театр өнерінің байқауына қатысуға өтінім

1

Білім беру ұйымы

 

2

Ұжымның аталуы

 

3

Жетекшінің ТАӘ

 

4

Жетекшінің байланыс телефоны

 

5

Қатысушылар саны

 

6

Спектакльдің аталуы

 

7

Жанрлық бағыт: драмалық, музыкалық, қуыршақ (астын сызу керек)

 

8

Шығарманың авторы

 

9

Спектакльдің ұзақтығы

 

    Өтінім білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталуы қажет

Жаңартылған күні: 18.10.2021 16:24
Құрылған күні: 18.10.2021 16:25

Текст