24.11.2025
«Арман» БЖШО педагогикалық кеңесі отырсының №1 хаттамасы
2025 жылғы 02 қыркүйек
Қатысқандар: Абылкасов Жуматай Базарович, Алишев Бекжан Дауылбаевич, Андросова Тамара Ивановна, Анисимова Галина Аркадьевна, Ауенова Бибигуль Дюсембаевна, Ахметжанов Айдар Кайрханович, Белявская Асия Анатольевна, Гаврилов Виталий Петрович, Глинов Владимир Петрович, Горлукович Константин Николаевич, Ербатыров Азамат Батыргалиевич, Жариков Виктор Владимирович, Жуков Андрей Викторович, Жуков Павел Викторович, Закрин Талгат Мухтарович, Квачёв Владимир Митрофанович, Кононец Игорь Сергеевич, Куандыков Оразбек Базарбаевич, Кузнецов Виталий Александрович, Матвеева Наталья Александровна, Мухамеджанов Куаныш Максутович, Кузовникова Лилия Александровна, Нурпеисов Канат Султангалиевич, Пядышев Юрий Сергеевич, Алимбекова Юлия Анатольевна, Рублевский Сергей Сергеевич, Рыгина Фарида Рагибовна, Васильева Ольга Васильевна, Темиров Орынбай Амангельдинович, Токанов Төлеби Сайронович, Тулегенова Гульмира Бегайдаровна, Тургужина Айгуль Айтжановна, Юрченко Наталья Анатольевна, Алимбеков Юрий Александрович, Кусаинов Ермек Баяхметұлы , Родионова Алла Владимировна, Блялов Сагат Корсыбаевич, Газезова Назгуль Каирбековна, Егембердиева Ляззат Картаевна, Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна, Сулейменова Асемгуль Токтаровна, Тулегенов Жангельды Мейрамулы, Лазорский Антон Михайлович, Шамиганова Гульден Умиргалиевна, Досмагамбетов Арман Карибаевич, Жукенова Сауле Капеновна, Вотинова Елена Владимировна, Алдабергенова Клара Арынгазиевна, Мырзабаева Акмарал Валихановна, Нуржасарова Айгерим Есенбаевна, Сухопарова Ирина Викторовна, Хамзин Сырымбет Жакиянович.
Қатыспаған: Жетпісбай Сымбат, ЕА сақталмайтын демалыс
Күн тәртібінде:
1. 2025-2026 оқу жылына арналған тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
2. «Жаз – 2025» балаларды сауықтыру бойынша жұмыстың талдауы.
3. 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
4. Ішкі еңбек тәртібінің ережесі. Терроризмге қарсы қауіпсіздік.
5. Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын қарау.
Бірінші сұрақ бойынша: «2025-2026 оқу жылына арналған тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері». Бұқаралық бөлім меңгерушісі К. Байздрахманованы тыңдады, ол педагогикалық ұжымды жаңа оқу жылында тәрбие жұмысына қойылатын жаңа талаптармен таныстырды.
Қаулы етті:
-К. Байздрахманованың ақпараты назарға алынсын.
-«Арман» орталығының педагог қызметкерлері тәрбие жұмысының бағдарламасына «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасын, «АДАЛ АЗАМАТ» бағдарламасын, сонымен қатар «Қамқор» - әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы құндылықтарды тарату, «Еңбегі адал – жас өрен» - кәсіптерге және еңбексүйгіштік идеясына қызығушылықтарын арттыру арқылы құндылықтарды қалыптастыру, «Шабыт» білім алушылардың шығармашылық әлеуеттерін ашу, «Ұшқыр ой алаңы» - тілдік қабілеттері мен тақырыптық талқылауларды дамыту, «Smart bala» - инновациялық жобалар байқауы, «Балалар кітапханасы» - оқуға және тануға қызығушылықтарын қалыптастыру жобаларын қолдансын.
Екінші сұрақ бойынша: «Жаз – 2025» балаларды сауықтыру бойынша жұмыстың талдауы туралы бұқаралық бөлім меңгерушісі К. Байздрахманованы тыңдады, ол жазғы уақыттағы жұмыстың талдауын ұжымның назарына ұсынды.
Газезова Н.К. Закрин Т.М., Лазорский А.А., Юрченко Е.Ю., Васильева О.В., Кузовникова Л.А. сөз сөйледі, қызмет бағыты бойынша сауықтыру демалысын ұйымдастыру есептерін ұсынды.
Қаулы етті:
-К. Байздрахманованың ақпараты назарға алынсын.
- Орталықтың жазғы уақыттағы жұмысы «өте жақсы» деп бағалансын.
Үшінші сұрақ бойынша: «2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту» туралы орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол қатысушыларды 2025-2026 оқу жылына арналған «Арман» БЖШО жұмыс жоспарымен таныстырды. «Арман» орталығы педагогтерінің педагогикалық жүктемесін бөлу (тарификациялық тізім қоса беріледі).
Қаулы етті:
-А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.
-2025-2026 оқу жылына арналған «Арман» БЖШО тәрбие-білім беру жұмыс жоспары бекітілсін.
- 2025-2026 оқу жылына арналған «Балғыншақ», «Жеткіншек» аула клубтарының тәрбие-білім беру жұмыс жоспары бекітілсін.
-2025-2026 оқу жылына арналған «Тұран» жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру орталығының жұмыс жоспары бекітілсін.
-«Арман» БЖШО педагог қызметкерлері 2025-2026 оқу жылында жоспарға сәйкес жұмыс істесін.
- Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасына қатысуды есепке алу немесе білім алушылардың игеру журналы форматы Google сілтеме форматында бекітілсін.
- 2025-2026 оқу жылына арналған орталық педагогтерінің педагогикалық жүктемесі бекітілсін.
Төртінші сұрақ бойынша: «Ішкі еңбек тәртібінің ережесі. Орталықтың жұмыс істеу режимі. Терроризмге қарсы қауіпсіздік.» туралы орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол педагогикалық ұжымды ішкі еңбек тәртібімен, 2025-2026 оқу жылына арналған орталықтың жұмыс режимімен таныстырды. Сонымен қатар терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша орталықтың жұмысына назар аударды.
Қаулы етті:
-2025-2026 оқу жылына арналған ішкі жұмыс тәртібі, 2025-2026 оқу жылына арналған орталықтың жұмыс тәртібі бекітілсін.
-Педагог қызметкерлер ішкі еңбек тәртібін, 2025-2026 оқу жылындағы еңбек тәртібін сақтасын.
- Педагог қызметкерлер терроризмге қарсы қауіпсіздік нұсқаулығын сақтасын.
Бесінші сұрақ бойынша: «Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын қарау» туралы «Арман» БЖШО директорының орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол қарау үшін қосымша білім беру педагогтерінің назарына келесі жұмыстық бағдарламаларды ұсынды:
1. «Бастау» СҚӨ үйірмесінің балаларына арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламасы, бағдарлама авторы Андросова Тамара Ивановна.
2. «Ранее физическое развитие» үйірмесінің балаларына қосымша білім берудің қосымша білім беру бағдарламасы, Алимбекова Юлия Анатольевна
3. «Робототехника» үйірмесінің балаларына қосымша білім берудің білім беру бағдарламасы бағдарлама авторы Лазорский Антон Михайлович
4. «Здоровый образ жизни» секциясының балаларына қосымша білім берудің білім беру бағдарламасы, бағдарлама авторы қосымша білім беру педагогі Белявская Асия Анатольевна.
5. «Бос уақытты ұйымдастырушылар мектебі» балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламасы, бағдарлама авторы қосымша білім беру педагогі Тургужина Айгуль Айтжановна
6. «Театральная студия» балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламасы, бағдарлама авторы қосымша білім беру педагогі Ульман Евгения Александровна
7. «Мы вместе» клубының қосымша білім берудің білім беру бағдарламасы, бағдарлама авторы қосымша білім беру педагогі Юрченко Наталья Анатольевна
Қаулы етті:
-Жоғарыда аталған бағдарламалар іске асыруға ұсынылсын.
-Бағдарламалар Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің сарапшылар кеңесіне бекітуге ұсынылсын.
- КТЖ бағдарламаларға сәйкес ресімделсін.