«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Ерёменко Татьяна Викторовна

Би студиясының

қосымша білім беру педагогі

Ақмола облысы білім басқармасының

Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы

Щучинск қаласы

"Арман" Балалар-жасөспірімдер

шығармашылық орталығы» МКҚК

 

Қосымша білім беру ерекше қажеттіліктері бар балаларға өз күштерін сынап көруге, дені сау балалармен бірге түрлі іс-шаралармен айналысу арқылы өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қосымша білім беру «ерекше» балаларға өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп қоймайды, қалыпты балаларға жанашырлық сезімін, басқаларға көмектесуге, оның бойында өзімен тең бағалаы және өзімен тең әріптесті көруге үйретеді.  Бұл дегеніміз осы тәжірибені кімнің іске асыратынына байланысты, барлығына айрықша жауапкершілік жүктейді.  Олардың түсінігі мен кәсіпқойлығына байланысты.

       Психолог А. Асмоловтың пікірінше, «Қосымша білім берудің рөлі ерекше. Біріншіден, қосымша білім – бұл балалық шақтың экологиясын кеңейтумен айналысатын білім. Екіншіден, қосымша білім – бұл «қалыптасу мүмкіндігінің білімі», жеке тұлға болу мүмкіндігі».

      Қосымша білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыруды жүзеге асыру, уәждемесін қалыптастыру әрі қолдау және мүдделерін іске асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар. Бұл процестің барлық қажетті талаптарға сай болуы үшін білім алушыларды сапалы әлеуметтік-педагогикалық қолдау қажет.

Қосымша білім беру шеңберінде дербестікті,қабілетті ашу үшін баланың отабысының мәртебесі, діни ұстанымы, ұлты маңызды емес. Баланың мектепке баруына жиі мүмкіндік бере бермейтін денсаулық жағдайы қосымша білім алу сабақтарына кедергі келтірмейді. 

Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың менің би студияма түсетін кезінде бірқатар өлшемдерді ескеремін:

– денсаулығының ерекшелігі (көру немесе есту, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы);

–психофизиологиялық ерекшеліктері(темперамент, психикалық процестерінің сипаттамасы және т.б.);

– соматикалық әлсіздік.

     Білім беру бағдарламасын әзірлеуден басқа, алдан шығатын қиындықтарды шешуге көмектесетін және қолдау білдіруге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық жеке жоспар құрамын (оқудағы, айналасындағылармен өзара қатыстағы).

Мен баланы дамытудың жеке білім беру бағытын жасаймын-бұл әрдайым шығармашылық, өте күрделі процесс, бірақ сүйемелдеу жоспарын жасай отырып, мен баланың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашамын. ЕББҚБ әр балаға оның қолынан келмейтін позициядан емес, бойындағы науқасына қарамастан қолынан не келетінін көрсете алатын позициядан қарау керек.

2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ЕБҚБ қыз айналысады (диагноз: симптоматикалық эпилепсия), ол жалпы білім беру мектебіне бармайды және үйде білім алады.

Аталған баланы әлеуметтік-педагогикалық қолдауды іске асыру моделі кезең-кезеңімен жүзеге асырылды..

       Бірінші кезең – мотивациялық-мақсатты. Осы кезеңде мен ата-аналардың баланың проблемалары туралы пікірлерін білдім және бірлескен жұмысқа оң көзқарас қалыптастырдым, алдағы жұмыстың мазмұнын анықтадым. Мұндай жағдайда баланың өзінің ресурстары мен қолдауға қатысатын ересектердің мүмкіндіктерін есепке алу үлкен роль атқарады.

      Екінші кезең-операциялық-белсенділік. Бұл кезеңде мен қыз үшін жеке және топтық сабақтарды қосатын жеке жоспар құрдым, қыз бен оның ата-анасын мерекелерге, жиналыстарға және басқа да іс-шараларға шақырдым.

Сабақта әр балаға жеке көзқарас қажет, ал Замира үшін мен әрқашан шамасы жететін жаттығуларды таңдап, күрделі жаттығуларды жеңіл нұсқаларға ауыстырамын.  Әлеуметтік-педагогикалық қолдау баланың қосымша білім беру бағдарламасын игеруінің нақты жағдайында жүзеге асырылады, сонымен қатар арнайы сабақтарда – тренингтер, түзету сабақтары, топпен бірлескен іс-шараларға қатысу және т. б.

     Үшінші кезең-қорытынды диагностиканы, нәтижелерді талдауды, рефлексияны қамтитын бағалау-рефлексивті. Бұл кезеңде «кері байланыс»— баланың бейімделу барысы, оның одан әрі даму қарқыны мен жолдары, баланың сабақтан кейінгі эмоционалды жағдайы туралы пікір алмасу жүзеге асырылады. Бұл кезде ата-аналардың қанағаттанарлық деңгейі, олардың тілектері ескеріледі.  Қорытынды шығару әрі қарай жұмыс істеудің негізі болып табылады.

      Студияның шәкірті бар ынтасымен тырысады және іс жүзінде барлық бағдарламаны орындайды. Ұжыммен бірге орталықтың түрлі іс-шараларына қатысады. Облыстық байқауларға Көкшетау қаласына барады, халықаралық онлайн байқауларға қатысады. 

Сонымен қатар, балаларды қолдауда ата-аналардың атқаратын ролі өте маңызды екенін айтқым келеді.  Көптеген ата-аналар өздерінің балаларының дамуы үшін көп күш салады. Жеке әңгімелесу кезінде ата-аналар отбасында болуы мүмкін кейбір реніштер туралы ағынан жарыла сөйлеседі. Менің ойымша, тек ата-аналармен бірге баламен жұмыс жасауда нәтижеге қол жеткізуге болады. Мен баланың ата-анасына беретін кеңестерді дайындауда орталықтың психологіне жүгінемін. 

      Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің тиімділігі, менің ойымша, педагогтердің мынадай шарттарды сақтауымен айқындалады:

  1. Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың денсаулығындағы ақаудың ерекшелігін есепке алумен;
  2. Әлеуметтік оқшаулану сезімін жеңу үшін белсенді коммуникациялық орта құрумен;
  3. Жеке білім беру бағытын құру арқылы таңдалған салада мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың табысты қызметінің алғышарттарын қалыптастыру
  4. Баланың ата-анасымен тығыз серіктестік орнату.

     Баланың әлеуетін тану зәне оны дамыту расында да күрделі, бірақ іске асыруға болады. Бұл үшін ықылас пеншыдамлдылық, сонымен қатар білім де талап етіледі. Ал, баланың қабілеттерін дер кезінде тану және дамыту олардың тұлға ретінде дамуының кепілі болып табылады.

Әдебиет тізімі:

1. Насибуллина, А.Д. Специфика психолого-педагогического сопровождения учащихся с ограниченными возможностями здоровья в системе дополнительного образования / А.Д.Насибуллина // Концепт. 2014. №S26. [Электронный ресурс] // Режим доступа:URL: https://cyberleninka.ru/article/n/spetsifika-psihologo-pedagogicheskogo-soprovozhdeniya-uchaschihsya-sisteme

2.Золотарёва, А.В. Дополнительное образование детей. Теория и методика социально-педагогической деятельности/ А.В.Золотарёва. – Ярославль: Академия развития, 2014.

3. Федорова, С. С. Психолого-педагогическое сопровождение детей с ограниченными возможностями в условиях реабилитационного центра как фактор их успешности в условиях рыночной экономики / С.С. Федорова // Вестник Московской академии рынка труда и информационных технологий. – М.: МАРТИТ, 2006. – № 6(28).

 

Жаңартылған күні: 27.07.2022 15:06
Құрылған күні: 27.07.2022 15:06

Текст