2022 жылғы қараша айында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша айлық осындай ұранмен өтті. АИТВ-инфекциясы жер бетіндегі емі жоқ инфекциялардың бірі болып қала береді. Вирустың ашылған уақытынан бүгінгі күнге дейін ғалымдардың аурудың адам ағзасында дамуын тежейтін дәрілерді синтездеуге ғана дәрмендері жетті. Ағзаны бұл инфекциядан түбегейлі қорғау әзірге мүмкін болмай тұр. Сондықтан, бізге осы мәселе бар қоғамда өмір сүруге тура келеді. Жыл өткен сайын Республикамызда АИТВ-мен науқастанғандар саны артып келеді. 2022 жылғы 1 наурыз күнгі есеп бойынша 47 075 АИТВ тасымалдаушысы тіркелген. Орташа жас 15 пен 49 жас аралығын құрайды (сілтеме inbusiness.kz). халықты ағарту әлі күнге дейін бұл инфекцияның алдын алудың негізгі буыны болып табылады.
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖҚТБ күрес күні. Дәстүрлі түрде «Арман» БЖШО-да бұл науқастың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіледі. 22 қараша күні қаланың жоғары сынып оқушыларымен интерактивті сұхбат алаңдары аяқталды, мұнда олар АИТВ не екенін және одан сақтану жолдары туралы түсінік алды. Кездесулер білім бөлімі бекіткен кесте бойынша өтті. Іс-шараларға «Авиценна-Бурабай» ЖШС дәрігер-инфекционисті Умут Тохтаровна Ибраева қатысты. «Арман» БЖШО психологі Галина Аркадьевна Анисимова кездесудің модераторы болды. Кездесу барысында «Личная история», «Рассказ бывшей школьницы» бейнероликтері мен «Каждый должен знать о ВИЧ/СПИДе» таныстырылымы көрсетілді. Іс-шараға барлығы 214 мектеп оқушысы мен 11 педагог қатысты.
«Теңдік уақыты» АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дөңгелек үстелдердің кестесі
Мектептің № |
күні |
Мектептен келген оқушылар |
1 |
09.11.2022 |
27 адам |
2 |
10.11.2022 |
23 адам |
3 |
11.11.2022 |
17 адам |
4 |
11.11.2022 |
19 адам |
5 |
14.11.2022 |
16 адам |
6 |
14.11.2022 |
18 адам |
9 |
15.11.2022 |
16 адам |
8 |
16.11.2022 |
21 адам |
мектеп-интернат |
16.11.2022 |
12 адам |
БЖШО |
22.11.2022 |
45 адам |
барлығы |
|
214 |
22 қараша 2022 жыл