Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Щучинск қаласы
«Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК
Күні:6 июня 2022 года
Басталуы: 11.00 час.
Өткен орны: Щучинск қ. «Арман» БЖШО акт залы
Қатысқандар:54
Қатыспаған:1
Күн тәртібінде:
Юрченко Наталья Анатольевна,
директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
Вотинова Елена Владимировна, әдіскер.
Юрченко Наталья Анатольевна,
директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
Юрченко Наталья Анатольевна,
директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
Вотинова Елена Владимировна, әдіскер.
Әдістемелік Кеңес отырысының
№4 ХАТТАМАСЫ
Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Щучинск қаласы «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК
Бірінші сұрақ бойынша сөз сөйледі:
Юрченко Н.А., директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары. Ол ұжымды 2021-2022 оқу жылы бойынша әдістемелік қызметтің талдауымен таныстырды. Педагогикалық ұжымның сандық, сапалық құрамы педагогтердің жоғары білім деңгейін көрсетеді, жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің үлесі 47,2% құрайды. 2021-2022 оқу жылындағы орталықтың педагогикалық ұжымының жұмыс істеген әдістемелік тақырыбы: «Заманауи білім беру технологияларын пайдалану арқылы білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру». Әдістемелік кеңесте келесі сұрақтар бойынша шешімдер талқыланды және қабылданды:
- мектептегі инновациялық қызметті ұйымдастыру, жүзеге асыру және бағалау;
- мектептегі ОҒҚ қызметін ұйымдастыру;
- педагогтердің кәсіби шеберліктерін дамыту мониторингі;
- «ҚР Тіл туралы» Заңының іске асырылуы. Әдістемелік жұмыс диагностикалық, сараптамалық және түзету жұмыстарына құрылған. Әдістемелік жұмыс құрылымына педагогикалық және әдістемелік кеңестер, 3 әдістемелік құрылым және психологиялық қызмет кіреді. Әдістемелік жұмыс орталықтың мақсатына, міндеттеріне сәйкес жүргізілді. Нормативтік құжаттарға сәйкес барлық мұғалімдер бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар бойынша жұмыс істеді. 2021-2022 оқу жылында 5 тақырыптық педагогикалық кеңестер жоспарланды және өткізілді. Барлық педкеңестер өткізілді (хаттамалар қоса беріледі). Педагогикалық кеңестер тақырыпқа сәйкес келеді, олардың жыл сайынғы саны нормативтік талаптарға сай. Педкеңестердің шешімдері тіркеледі, олардың орындалуын орталық әкімшілігі қадағалайды. Орталықтың Пәндік онкүндіктер өткізу әдістемелік жұмыстың дәстүрлі түрі болып қала береді. Онкүндік шеңберінде жеке жоспар бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Өткен онкүндіктердің барлығының нәтижелері орталықтың интернет ресурстарында жарияланды, фотолармен безендірілді, ӘБ жетекшілері жинады әрі жүйелендірді.
Бірінші сұрақты тыңдап және тақылап Әдістемелік Кеңес ұсынады:
- Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Юрченконің ақпараты назарға алынсын.
- Щучинск қ. «Арман» БЖШО тұтас білім беру үрдісін қамтамасыз етуге, бірыңғай шығармашылық кеңістікті құруға көмектесетін педкадрлардың үздіксіз қалыптасу принциптерін іске асыру бойынша әдістемелік жұмыс қызметі жалғастырылсын;
- «Білімді ұлт» Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру жобасын жалғастырсын
- Инклюзивті білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету бойынша әдістемелік қызметтің жұмысын жандандыру;
- Білім беру ұйымы педагогтерінің біліктілік деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.
- Проблемалық тақырыпты зерделеу жалғастырылсын;
- Бөлім меңгерушілері Н. Газезова, Т. Закрин, Л. Егембердиева 2022-2023 оқу жылына арналған ағымдағы басылымдарда педагогтердің жұмыстарын көрсететін медиажоспар әзірлесін;
- Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченко мұғалімнің инновациялық және әдістемелік қызметін бағалау картасын әзірлесін;
- Инновациялық педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізу, педагогикалық шеберлікті арттыру негізінде оқу сабақтарының сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырсын.
Екінші сұрақ бойынша сөз сөйледі:
Вотинова Е.А., әдіскер. Ол келесіні хабарлады – мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру, мектеп ішінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және біліктілікті арттыру курстарында оқыту арқылы мұғалімдерді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру мектеп әкімшілігінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Орталық педагогтері курстық қайта даярлаудан өту жоспарына сәйкес біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Соңғы үш жылда педұжымның 100 %-ы біліктілігін арттыру курсынан өтті, 2021-2022 оқу жылында 10 педагог курстан өтті, бұл 2% құрайды. Біліктілікті арттыру курстары «Инновациялық білім берудің зияткерлік орталығы», Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының базасында өтті. Орталықтағы оқу-тәрбие үрдісін 55 педагог жүзеге асырады. 2021-2022 оқу жылында келесі педагогтер өздерінің біліктілік санатын растады: Квачёв В.М. қосымша білім беру педагогтеріне педагог-модератор санаттылығы берілді: Газезова Н.К., Егембердиева Л.К., Байздрахманова К.А. педагог-сарапшы: Ерёменко Т.В., педагог-зерттеуші: Матвееева Н.А.
Екінші сұрақты тыңдап және тақылап Әдістемелік Кеңес ұсынады:
- Щучинск қ. «Арман» БЖШО әдіскері Е. Вотинованың ақпараты назарға алынсын.
- Орталық мұғалімдерінің үздіксіз білім беру, біліктілігін арттыру және аттестациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жағдай жасауды жалғастырсын.
- 2022-2023 оқу жылы бойына «Арман» БЖШО педагогтері кәсіптік өзіндік даму деңгейін үздіксіз арттырсын, педагогикалық шеберліктерін арттырсын.
Үшінші сұрақ бойынша сөз сөйледі:
Юрченко Н.А., директордың ОТ жөніндегі орынбасары. Ол қосымша білім берудің білім беру бағдарламасыының орындалуына талдау жасады. 2021 - 2022 оқу жылында педагогикалық ұжымның қызметі «Қазақстан Республикасының Білім туралы», «Тілдер туралы» Заңдарының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарының талаптарына, «Жаңа оқу жылының басталуы туралы» нұсқаулық хатына, сондай-ақ орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған қорытындылары мен ұсыныстарын талдауға сәйкес ұйымдастырылды. Орталықтың 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары нұсқаулық-әдістемелік хатқа сәйкес қосымша білім беру мұғалімдеріне арналған өзгертілген бағдарламалар негізінде құрастырылған. 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспары тұтас алғанда іске асырылды. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың тиімділігі тұрақты оң нәтиже береді, бұл орталық оқушыларының түрлі деңгейдегі фестивальдар мен байқаулардағы жеңістерімен расталады.
Үшінші сұрақты тыңдап және тақылап Әдістемелік Кеңес ұсынады:
- Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконің ақпараты назарға алынсын.
- қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру жұмысын жалғастырсын. 2023 жылға облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысушылар мен жүлдегерлер % арттырсын.
Төртінші сұрақ бойынша сөз сөйледі:
Юрченко Н.А., директордың ОТ жөніндегі орынбасары. Ол 2022-2023 оқу жылына арналған Щучинск қ. «Арман» БЖШО жұмыс жоспарының жобасын таныстырды (қоса беріледі).
Төртінші сұрақты тыңдап және тақылап Әдістемелік Кеңес ұсынады:
- Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконің ақпараты назарға алынсын.
- 2022-2023 оқу жылында жұмыс жоспары басшылыққа алынсын.
Бесінші сұрақ бойынша сөз сөйледі:
Вотинова Е.А., әдіскер. Ол мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін зерделеу оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі буындарының бірі болып табылатынын, мұнда педагогтардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру – жұмыстың осы саласы басты міндет екенін айтты. Озық педагогикалық тәжірибемен жұмыс істеу – орталықтың педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырудың мақсатты бағытталған, тиімді жүйесін қамтамасыз ететін әдістемелік қызметтің негізгі бағыттарының бірі. 2021-2022 оқу жылы бойына 34 педагог (62%) аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шараларда өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті (семинарлар, конференциялар, біліктілігін арттыру курстары).
Бесінші сұрақты тыңдап және тақылап Әдістемелік Кеңес ұсынады:
- Щучинск қ. «Арман» БЖШО әдіскері Е. Вотинованың ақпараты назарға алынсын.
- 2023 жылы Щучинск қ. «Арман» БЖШО педагогтерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін қарастыруды және қорытуды жалғастыру қажет. Орталық педагогтерінің аудандық және облыстық деңгейдегі ОПТ жинақтау % арттырсын. Семинарлар, байқаулар, біліктілігін арттыру арқылы педагогтердің кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттырсын.