Бүгін Бұланды ауданының қосымша білім беру ұйымдарының базасында @aqmola_daryny ұйымдастыруымен "Қосымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберлігін дамыту бойынша әдістемелік жұмыс" атты облыстық семинар өтті. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ақпараттық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Арман Лазорский Антон Михайлович «Балаларға қосымша білім беруде жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.