«Арман» жастар мен жасөспірімдер орталығындағы этно-өлкетану музейінің меңгерушісі Г.У.Шамиғанова Бурабай өңірінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілеріне «Берліндегі Рейхстагтың туған тіккен батыры Рақымжан Қошқарбаев» атты патриоттық сағатын өткізді. Рақымжан Қошқарбаев – Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қызыл Армия офицері. Қазақстанның Халық Қаһарманы. Қайтыс болғаннан кейін берілген «Халық Қаһарманы» атағы 1945 жылы 30 сәуірде сағат 14.25-те Рейхстагты басып алу кезінде Рейхстаг ғимаратына бірінші болып қызыл туды тіккен. Шара барысында студенттер халық қаһарманының өмірі туралы экскурсиялық әңгімеден көптеген қызықты мәліметтер алды және қызықты деректер мен оқиғаларға толы Рахымжан Қошқарбаевтың қысқаша өмірбаянымен танысты!