Текст
Алғыс айту күні қарсаңында «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұжымына «Қазақ жеріне рахмет!» атты лекция өтті. Іс-шараның мақсаты – толеранттылық, достық пен бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, сонымен қатар Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен этносаралық байланысты нығайту. Тарихтың ең күрделі де тартысты беттерінің бірі – халықтардың Қазақстанға жер аударылуына тоқталып, «Бір кесе сүт туралы» ғибратты монолог оқылды. Содан кейін әріптестер үшін тері рецепторлары арқылы қоршаған әлемді қабылдауға бағытталған «Рахмет» тактильді сенсорлық ойыны өткізілді. Қорытындылай келе, көркемдік-эстетика бөлімінің меңгерушісі Н.К.Газесова. жиналғандарды тәтті қошеметпен қуантты.