Текст
28-29 сәуірде Сандықтау кентіндегі "Жас дәурен" БЖО базасында Әуе,судо және автомоделдеу бойынша облыстық байқау өтті. Осы байқаудың қорытындысы бойынша біздің тәрбиеленушілер келесі орындарға ие болды:
2 орын Никитюк Владимир"1/24 масштабтағы автокөліктің жартылай көшірмесі" номинациясында;
2 орын Сердюк Даниэль және 3 орын-Жұмағали Нұрали"F-3-P моделі" номинациясында;
2 орын-Мигаль Станислав"1:10 масштабтағы багги жарысы" номинациясында;
2 орын-Артемьев Евгений "мәнерлеп жүргізу масштабы 1:10"номинациясында.
Дарынды оқушыларды педагогтар Сағат Қарсыбайұлы Блялов пен Александр Александрович Яковенко дайындады.
Жарайсыңдар 👏
Біздің жүлдегерлерді, педагогтерді, ата-аналарды құттықтаймыз!