09.06.2025
2025 жылдың 13-14 мамырында Щучинск қаласының "Арман" БЖШО базасында 2-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар мен "Зерде" конкурстарының аудандық кезеңі өтті. Бұл іс-шара оқушылардың білімге, шығармашылық және зерттеу қабілеттеріне деген қызығушылығын дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Аудандық кезеңге 116 жоба ұсынылды. Қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары өз жұмыстарын 14 секцияда қорғады. Байқау лингвистика, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар, техника және өнер сияқты бағыттарды қамтыды.
Байқау қорытындысы бойынша 28 оқушы I орын алып, облыстық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды.
Олар біздің ауданды лайықты түрде таныстыратынына сенімдіміз.
Жеңімпаздар арасында:
Қалалық мектептер:
* №1, №8, №9 мектеп-гимназиялары
* № 7 мектеп-лицейі
* № 10 мектеп-интернат
Ауылдық мектептер:
* Сәкен Сейфуллин атындағы ОМ (Бурабай кенті)
* Досов атындағы ОМ
* Златополье ауылының ОМ
* Оқжетпес, Қызылағаш, Баянбай ауылдарының ОМ
* Зеленый Бор ауылының мектеп-гимназиясы
Ғылымға деген қызығушылық баланың жүрегінде туады.
Бүгінгі іздеіс - ертеңгі жаңалықтың басы!