15.10.2025
Қарттар айлығына арналған тоғызқұмалақ турнирі өтті!
Бүгін, 15 қазан күні, Бурабай ауданында қарттар айлығына арналған спартакиаданың үшінші кезеңі – тоғызқұмалақтан турнир өтті.
Ұлттық ойынға ауданымыздың 20-ға жуық ардақты ата-әжелері қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
🏆 Ерлер арасында:
1️⃣ Абілқасов Жұматай
2️⃣ Сейпиев Марат
3️⃣ Иманғалиев Қанат
3️⃣ Мұқанов Ермек
🌸 Әйелдер арасында:
1️⃣ Макенова Баян
2️⃣ Қапарова Бибігүл
3️⃣ Абдығапарова Сәбира
3️⃣ Хамзина Сафура
Барлық жеңімпаздарға алғыс хаттар, медальдар және сыйлықтар табысталды.
Қатысқан барлық қарттарымыз да естелік сыйлықтарға ие болды 🎁
Алда:
♟ 22 қазан – дойбы,
♞ 29 қазан – шахмат жарыстары күтіп тұр!
Қарттарымыз аман болсын, өмір жастары ұзақ болғай! 💐