Текст
02.12.2025
"Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының көшбасшылары мен еріктілер клубы ( педагог Байздрахманова Қарлығаш Атымтайқызы) қайырымдылық акциясын өткізді: олар орталық аумағында жұмыс істейтін құрылысшыларға ыстық шай мен бауырсақтан дәм татқызды.
Біз құрылысшыларға қиын, бірақ өте маңызды және қажетті жұмысы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің орталықты әдемірек және жайлы еткеніңіз үшін рахмет!