10 желтоқсанда "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы "Самға" спорт клубының біріншілігі өтті.

10.12.2025

Біріншілік салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, сондай-ақ Бурабай ауданында еркін күресті насихаттау мақсатында өткізілді. Балалар өздерінің шеберліктерін, жеңіске деген ерік-жігерін және лайықты дайындықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Бірншіліктің барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
✨️✨️✨️
Жарысты ұйымдастырғаны және өткізгені үшін "еркін күрес" секциясының педагогі Қуаныш Мақсұтұлы Мұхамеджановқа және еркін күрес секциясының "Самға" спорт клубының жаттықтырушысы Сағыныш Мақсұтұлы Көшербаевқа алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 44

Пікір қосу

Деректерді қолтаңбаға қосу