Текст
26.12.2025
24 желтоқсанда Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды.
Осы оқиғаға орай №7 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушыларына арналған мұражай сабағы өткізілді. Оқушылар халық батырының өмірі мен тағдыры, Ұлы Жеңіске қосқан үлесі және ел үшін маңызы туралы білді.
Мұражай сабағын мұражай директоры Г.У. Шамиғанова жүргізді.