Текст
06.02.2026
2026 жылдың 3-6 ақпан аралығында "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан Ақмола облысының чемпионаты өтті.
Чемпионат өңірдің спорттық өміріндегі жарқын оқиғаға айналды, ұлттық ойынды насихаттауға, спорттық байланыстарды нығайтуға және қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға ықпал етті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды, ал барлық қатысушылар құнды бәсекелестік тәжірибе мен жағымды эмоцияларға ие болды.