«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық өрт қауіпсіздігі күні аясында «Болашақ» шағын орталығының бүлдіршіндері қаламыздағы 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне, танымдық экскурсияға барды.

17.02.2026

Республикалық өрт қауіпсіздігі күні аясында
«Болашақ» шағын орталығының бүлдіршіндері қаламыздағы 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне, танымдық экскурсияға барды.
Экскурсия барысында балалар өрт сөндірушілердің қызметімен танысып, арнайы техникаларды көріп, қауіпсіздік ережелері туралы маңызды мәліметтер алды. Мамандар бүлдіршіндерге өрттің алдын алу жолдарын түсіндіріп, төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігін көрсетті.
Бұл шараның басты мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету және өрт сөндіруші мамандығына қызығушылықтарын арттыру.
🔥 Қызықты әрі пайдалы өткен экскурсия бүлдіршіндерге ерекше әсер қалдырды! Өрт бөлімінің басшылығына және қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіреміз.
Болашақ шағын орталығының тәрбиешісі Арман Кәрібайұлы Досмагамбетов.

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст