Текст
17.03.2026
Наурызнама 🌿⚘️🌿⚘️🌿⚘️
Сәндік-қолданбалы өнер үйірмесінде (педагог Андросова Тамара Ивановна) білім алушылар жүнмен сурет салу техникасын (құрғақ киіз басу) меңгеруде.
Жүнмен жұмыс жасау ежелден қазақ мәдениетінде ерекше орын алып, халықтық қолөнердің маңызды бөлігі болып табылады.
Түрлі-түсті жүннің көмегімен туған өлкенің сұлулығын, ұлттық нақышын жеткізетін бірегей картиналар жасалады.
Бұл бейнероликте жүнмен сурет салу техникасында картина жасау үдерісі көрсетілген.
Жүн ине арқылы ұқыптылықпен «шаншылып», қабат-қабат болып, туған жердің ұлттық бояуы қанық пейзажы дүниеге келеді.
Төзім, шығармашылық және шабыт — міне, осылайша жүннен тұтас бір тарих пайда болады.