Текст
01.05.2026
30 сәуір - Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн!
🇰🇿⭐"Арман" орталығында өтіп жатқан патриоттық айлық аясында, «Беркімбай сазы» ансамблінің домбырашылары (педагог: Ауенова Б.Д.) үшін Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған "Жеңіс туын тіккен — Рақымжан" атты тарихи сағат өткізілді.
🎶 Өнерпаз жастар Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен батыр атамыздың өмір жолы мен сұрапыл соғыс жылдарындағы қаһармандығы туралы тың деректермен Шамиганова Г.У. өлкетану музей меңгерушісі таныстырды.
Батырдың рухына тағзым ету — өскелең ұрпақтың парызы. Күйдің құдіреті мен тарихтың сабақтастығы балалардың бойында отансүйгіштік сезімін ұялатты!