«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы Жолдауы елдің рухын көтерді

12.10.2018

Елбасы Жолдауы ел рухын көтерді

 

«Арман» Мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығы» МКҚК қызметкерлері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауын ұжымда ерекше ықыласпен талқылады. Директор А.Тұрғожина 2018 жылғы 5 қазанда жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы биылғы Жолдаудың ерекше маңызына тоқталды.  

 «Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды»,-делінген Жолдауда. «Арман» орталығының қазіргі таңдағы ұстанған бағыты Президент Н.Назарбаевтың Жолдауда айтқан тапсырмасына толықтай сәйкес келетінін дәлелдейді. Орталықта оқушылардың мектептен тыс уақытта айналысатын үйірме жұмыстарымен қатар, кәсіптік-техникалық бағыттағы кәсіпке баулитын бөлімдер де жұмыс істеп келеді. Жыл өткен сайын белгілі бір кәсіпті меңгеруге деген қызығушылығы артып жатқан жеткіншектер қатары көбейе түсуде. Бұл орталық ұжымының абыройлы еңбегінің, уақыт талабына сай бейімделіп, жұыс атқаруының арқасында мүмкін болуда.

«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатыны көңілге қуаныш ұялатады. «Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс»,-делінген Жолдауда. Елбасы сөзін Орталық ұжымы да қолдап, қуаттайды.

  Л.Егембердиева

 

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст