«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосымша білім беруге арналған ғылыми-практикалық конференция

06.11.2018

Қосымша білім беруге арналған ғылыми-практикалық конференция

 

Қазіргі заманғы қосымша білім берудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы («Балдәурен» РОСО) халықаралық қатысумен «Қосымша білім беру жүйесінің инновациялық процестер жағдайындағы даму тенденциялары: теориялық және технологиялық аспектілері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция жұмысының барысында барлық бағыттар бойынша секциялық алаңдарда «Арман» Мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығының педагогтары жұмыс істеді.

Үш күн бойына қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, үйірме жетекшілері еркін пікір алмасу жағдайында қосымша білім беру жүйесін дамытудың келешегін қарастырды.

Конференцияның жұмыс кестесі жемісті жұмыстарға толы болды. Конференцияның ашылу салтанатында «Балдәурен» РОСО бас директоры М.Б.Төлепбай құттықтау сөз сөйледі және баяндама жасады. «Орленок» БРБО «Звездный» балалар лагерінің басшысының орынбасары М.С.Мехлик (Ресей Федерациясы) «Зерттеу жұмысы жасөспірімнің шығармашылық әлеуетін дамыту факторы ретінде» тақырыбындағы ақпаратпен бөлісті. Қарағанды қаласының Балалар мен жасөспірімдер сарайының әдіскері Ю.С.Благодарных әдістемелік қызметті ұйымдастырудың қызықты тәжірибесімен ұсынды. Ш.Уәлиханов ат. КМУ бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы О.И.Лузина балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы заманауи педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Түстен кейін конференция жұмысы мынадай секциялық алаңдарда жалғасты.

Әдістемелік алаң: «Мектептен тыс жұмыс орталығы ауданның (қаланың) білім беру кеңістігіндегі әдістемелік орталық ретінде: дәстүрлер мен инновациялар».

ТЕХНО-алаң: «Балалар техникалық шығармашылығы: болашаққа жол»

SPORT-алаң: «Чемпиондарды өсіреміз»

АРТ — интеграция: «Қосымша білім беру және негізгі білім беру: қиылысу

нүктелері».

Тәрбие алаңы: «»рухани жаңғыру» Бағдарламасын іске асыру аясында қосымша білім беру жүйесіндегі өнегелі-патриоттық тәрбие беру».

Әдістемелік алаңда «Арман» Мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығы директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары Н.В.Ларионова Орталықтың әдістемелік қызметінің жұмыс тәжірибесін ұсынды.

ТЕХНО-алаңда «Балалар технопракі жоғары дамыған өндірістердің білімді, ғылымды кіріктіруге арналған алаңы ретінде» тақырыбында Орталықтың кәсіби-техникалық бөлімінің меңгерушісі Т.М.Закрин баяндама жасады.

Конференцияның екінші күні «Балдәурен» РОСО қосымша білім беру педагогтары мен конференцияның қатысушылары барлық секциялық бағыттар бойынша шеберлік-сыныптарын өткізді. Қатысушылардың барлығы іс жүзіндегі қызметтен ұмытылмас тәжірибе алды: жұмыста арт-терапияны қолдану, гипспен жұмыс істеу, ағаш ою, актерлік шеберлік, жүннен бұйым жасау технологиясы, ұлттық ойындар, робототехника және т.б. шеберлік-сыныптардың жұмысын әрбір қатысушы кем дегенде

3-4 шеберлік-сыныбына қатыса алатындай етіп ұйымдастырылған. Ал, түстен кейін жалпы білім беру пәндерінің мұғалімдерінің мына тақырыптарда шеберлік-сыныптары өтті: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы», «Объективте – өмір!», «IQ-games», «Lingua Мир».

Конференцияға Қазақстанның барлық аймағынан және Ресей Федерациясынан қонақтардың келгенін есепке ала отырып, ұйымдастырушылар кешкі уақытта мәдени-сауықтыру бағдарламасын ұйымдастырды. Қатысушыларға арналып сауықтыру

қызметі, бассейн, «Жастар» педагогикалық отрядының керемет концерттік бағдарламасы, «Бурабай – аңыздар мен шежірелер өлкесі» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне саяхат, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны, «Кәсіпқойлар сұхбаты» атты еркін микрофон жұмысы ұсынылды.

Конференцияның жабылу күні қатысушылар педагогтардың халықаралық және республикааралық серіктестігін кеңейту аспектісіндегі Конференцияның оң нәтижелері көрсетілген резолюция қабылдады. Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырту және реформалау жағдайында қосымша білім берудің ролі көрсетілді: оқытудың инновациялық интерактивті әдістері мен технологиясын қолдану; қосымша білім берудегі тәрбие беру және дамытушылық функцияларын нығайту; «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының аясында «Ер есімі – ел есінде» атты республикалық акциясын өткізу.  Ғылыми-практикалық конференцияның материалдары электронды жинаққа енгізіледі.

Конференция аяқталды, сертификаттар тапсырылып, ұмытылмастай педагогикалық қарым-қатыс жасадық. Конференцияның әрбір қатысушысы өзіне тиесілі жаңалықтарға қанығып, тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты тәжірибенің

электронды адресімен алмасты. Конференция жұмысы жемісті өтті, үш күннің ішінде біздің балаларымыздың оқуы мен тәрбиесінің мәселесіне бей-жай қарамайтын педагогтардың достастығы құрылды. Мұндай кездесулер шығармашыл әрбір ұстаз үшін

қажет әрі өте маңызды. Конференцияға қатысушылар қайтып бара жатқанда: «Қайта кездескенше, Бурабай өлкесі! Ұмытылмас жемісті шығармашылық күндер сыйлағаның үшін, рахмет саған, «Балдәурен!»,- деп қол бұлғап жатты.

 

Н.В.Ларионова,

«Арман» МТОТЖО директорының

ОТЖ жөніндегі орынбасары

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст