«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бурабай дарыны» атты техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша аудандық фестивальдің ЕРЕЖЕСІ

20.11.2018

«Келісілді»                                                                  «Бекітемін»

Бурабай ауданы                       «Арман»                                         

                                                                                

 білім бөлімінің басшысы                                            МТОТЖО директоры                                            

__________Ж.Тулегенов                                       ________  А.Тұрғожина

 

 

 

 

«Бурабай дарыны»

атты техникалық шығармашылық және

өнертапқыштық бойынша аудандық фестивальдің

ЕРЕЖЕСІ

 

1.   Жалпы ережелер

 

1. Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Бурабай дарыны» атты техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша аудандық фестивальді өткізу туралы ереже  (әрі қарай - Фестиваль) оны өткізу мақсатын, міндеттері мен өткізу тәртібін

анықтайды.

 

1.2. Мақсаты

- оқушыларды ғылым мен техниканың түрлі саласындағы зерттеушілік, өнертапқыштық қызметке тарту.

 

1.3. Міндеттері

- оқушылардың шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру;

- оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу жұмысына деген қызығушылықтарын дамыту;

- ғылыми және техникалық шығармашылық саласындағы талантты, дарынды балаларды анықтау;

- командадағы шығармашылық жұмыстардың дағдыларын, инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы жаңа құзыреттерді қалыптастыру;

- балаларды іс-шараларға тарту арқылы қосымша білім беруге оларды тартуды арттыруға ықпал ету.

1.3. Ұйымдастырушылар

         Аудандық фестивальдің дайындығы мен өткізілуіне жалпы басшылық ету «Арман» МТОТЖО жүктеледі.

 

2. Фестивальдің өтетін уақыты мен орны

Өтетін уақыты:  2018 жылғы 20 желтоқсан. 

Өтетін орны:  Щучинск қ., «Арман» МТОТЖО

Қатысуға өтінімдер 2018 жылғы 14 желтоқсанға дейін armanshuch@mail.ru  электронды адресіне қабылданады.

 

3. Фестивальдің бөлімдері мен шарттары

Фестивальге мына номинациялар арқылы жеке жұмыстар қабылданады:

1) автокөліктің әрекеттегі үлгілерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, жол талғамайтын және

эксперименттік үлгілер);

2) өнеркәсіп саласындағы техникалық құрастыру (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қосқанда әртүрлі техникалық нысандардың үлгілері, соның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз, пластик және т.б.) және эксперименттік үлгілер);

3) ауыл шаруашылығы саласындағы техника мен жабдықтарды техникалық құрастыру (тракторлардың, комбайндардың, дән сепкіштердің, жүк тиегіштердің, іріктеушілердің, жинақтағыштардың, ауыл шаруашылығы жиынтығының, эксперименттік үлгілер және т.б.);

4) әскери техника саласындағы техникалық құрастыру (танктердің, зеңбіректердің, бронетранспортерлердің үлгілері, әуе қорғанысының құралдары, тапаншалардың, автоматтардың, қарулар мен т.б. басқа эксперименттік үлгілер);

5) су көлігі саласындағы техникалық құрастыру (ауа төсеніші бар көліктердің, кемелердің, яхталардың, гидропландардың, катерлердің, қайықтардың үлгісі, эксперименттік үлгілер және т.б.);

6) құрылыс саласындағы жобалар (тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың,

коттедждердің, кешендердің, спорт құрылғыларының, вокзалдардың, порттардың,

аэродромдардың, сауда орталықтарының, т.б. үлгілері);

7) жылу қуатын, электр қуатын, баламалы қуат көзін әзірлеу саласындағы жобалар (ядролық энергия және жылу физикасы; баламалы және көміртекті емес энергия; қуат сақтаушы технологиялар; отынды өндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды жою және көму технологиясы және т.б.);

8) авиация саласындағы жобалар: авиациялық техникаларды әзірлеу саласындағы жобалар мен үлгілер (ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшатын аппараттар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);

9) ғарыш және аэроғарыш саласындағы жобалар: ғарыш техникасын әзірлеу саласындағы жобалар мен үлгілер (зымырандар жүйесі, ғарыш айлағы, жасанды серіктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (ғарыш кемесі, зымырандар мен қажетті техника).

10) техникалық құрастыру, робототехника саласындағы бағдарламалау және жобалар: робототехника саласындағы жобалар мен үлгілер.

1.    Роботтар мыналарды пайдалана

отырып жинақталуы тиіс:

§  - ЛЕГО құрастырушы Перворобот (LEGO-Mindstorms);

§  -ЛЕГО-құрылғы;

§  -ЛЕГО-микрокомпьютердің RCX, NXT.

§  Қолдан жасалған роботтарды қосқанда, роботтар Лего жиынтығында, сондай-ақ басқа да платформада жиналуы мүмкін.

2.    Оқытуға, әлеуметтік, тұрғындар мен өнеркәсіптің техникалық қажеттілігіне бағытталған үйрететін, дамытатын, т ехникалық компьютерлік бағдарламалар.

3.    «Жасыл» технологияны дамытуға бағытталған компьютерлік бағдарламалар.

Жобаны қорғау уақыты – 4-7 минут көрсететін материалды пайдаланып (макеттер, үлгілер, видео және т.б.).

Фестивальге ұсынылатын экспонаттар эстетикалық, экспозициялық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Әрбір бөлім бойынша бір қатысушы бұрын көрмелерде, фестивальдерде ұсынбаған кем дегенде бір экспонат ұсынуы керек.

7,8,9,10 бөлімдерде 3 адамнан көп емес әзірлеуші командалар жіберіледі.

Әрбір бөлімге мектептерден келетін экспонаттардың санына шек қойылмайды. 

Фестивальде (ауа райын есепке ала отырып) қатысушылардың әрекет ететін авиа, авто, су және зымыран үлгілерін көрсету жоспарлануда (еркіне қарай).

4. Фестивальге қатысушылар

Фестивальге жалпы орта, қосымша білім беретін, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың оқушылары қатысады. Фестивальге қатысушылардың жас мөлшері: 11-18 жас қоса алғанда.

 

5. Қорытындысын шығару

Фестивальге қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша 1

 

 

«Бурабай дарыны» техникалық шығармашылық және өнертабыс

бойынша фестивальге қатысуға өтінім беру

 

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толық)

Күні, айы, туған

жылы

Білім беру ұйымы,

сынып, курс

Номинацияның

атауы

Жұмыстың атауы

Жетекшінің тегі,

аты, әкесінің аты (толық), байланыс телефоны

1

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст