Ұлы даланың жеті қыры
2018 жылдың 11-13 желтоқсан күндері «Звездный» БСО ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұйымдастырды. «Спорттық туризм» үйірмесінің үздік балалары дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.
Мұнда сөз сөйлеушілер көп болды, мақаланың балаларды қызықтырған тұстарына тоқталды – сұхбаттары өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Келесі күні іс-шараға қатысушылар Астана қаласына саяхатқа аттанды.
Бізге қалаға жалпы шолу жасау саяхаты, екі мұражайға (ҚР тұңғыш Президентінің мұражайы мен ҚР қарулы күштері мұражайы) және кітапханаға бару ұсынылды. Балалар экскурсоводтардың айтқан әңгімелерін қызығушылықпен, мұқият тыңдап, жан-жақты сұрақтар қойды. Әрі, сұрақтарына тұщымды, толық жауап алды. Бұл кездейсоқ
жағдай емес, себебі, балалардың көпшілігі Астанаға алғаш рет келіп еді.
Сондықтан, бұл сапарымыз балаларға үлкен әсер қалдырды және Астананы тағы бір рет көрсек деген тілекпен оралды.
Н.Матвеева,
«Спорттық туризм және шыңға өрмелеу» үйірмесінің
қосымша білім беру педагогы
«Арман» МТОТЖО