«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Айтылған сөз – атылған оқпен тең»

18.02.2019

«Айтылған сөз – атылған оқпен тең»

 

Балағат сөз деген не және неге балағаттап ұрсу жаман әдет болып табылады?

Орыс тілінде балағат – белгілі тұлғаларды қорлау немесе адамдар мен құбылыстарға теріс баға беру үшін басым қолданылатын былапыт сөздер мен сөз тіркестері, оларды қоғамда қолдануға жол берілмейді.

Балағаттау, әдепсіз, ұят сөздер айту, бейпіл сөздер айтып ұрсу. 

Қазір балағат сөздерді барлық жерде естуге болады: дәмханада, аялдамада, қоғамдық көліктерде, жастар мен ересектердің әңгімелерінің кездейсоқ куәгері болғанда. Жасөспірімдердің айтуынша, отбасында «тұрмыстық балағат» сөз байланысы үшін қолданылады, немесе ересектер өз араларында кикілжің туғанда, қатынастарын анықтау үшін пайдаланады. Бұл еркек-әкелерге ғана емес, әйел-аналарға да қатысты. Бала бақша тәрбиешілері өздерінің тәрбиеленуші балалары ойнап немесе керісіп қалғанда ересектерге еліктеп, балағат сөздер айтатынының куәсі болады. «Балағат сөздер» көгілдір экран арқылы да жиі жетіп тұрады.

Қаңтар айының соңында «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығында дәстүрлі түрде балағат сөздер айту сияқты теріс құбылыстардың алдын алу бойынша онкүндік өтеді. Биылғы жылғы кездесулер «Айтылған сөз – атылған оқпен тең» деген ұранмен өтті. Іс-шараларды өткізу барысында балаларға, қала мектептерінің оқушыларына жапон ғалымы Масару Эмотоның зерттеу материалдары бойынша дайындалған «Сөз құдіреті» атты слайдтық таныстырылым көрсетілді. Суға, бидай мен күріш тұқымдарына жасалған эксперименттер, «Судың ұлы құпиялары» атты деректі фильмінен алынған, сондай-ақ биология ғылымдарының докторы, медициналық-техникалық ғылым академигі П.П.Горяевтің еңбектерінен алынған адамның қатысуы мен адам ДНҚ-на жасалған эксперименттерден бейнероликтермен таныстырды.

Бейнематериалдарда адам мен адам ДНҚ-на сияқты су мен тұқымдарға да балағат сөздер мен ойлардың теріс әсер ететіні нақты қадағаланады. Оң бағыттағы ойлар мен сөздер адамның генетикалық кодын жақсартады, ағзаның қартаюын тежейді және өмір жасын ұзартады.

Тақырып балалардың қызығушылығын оятты. Балалар балағат сөздің, қарғыстың, қоқан-лоққы жасайтын сөздердің, зорлықтың, кемсітудің ағзаның қалыпты дамуын бұзатынын түсінді. Керісінше, алғыс айту, сүйіспеншілік, аяушылық және жай ғана жақсы сөздер айту адамның генетикалық аппаратының мүмкіндіктерін арттырып, оны емдейтінін білді.  

Іс-шараға барлығы Щучинск қаласы мектептерінің 12 мен 16 жас аралығындағы 222 оқушы қатысты.

 

14.02.2019   психолог Г. Анисимова.

 

 

 

 

«Айтылған сөз – атылған оқпен тең» атты балағат сөздерді айтудың алдын алу бойынша интерактивті сұхбат алаңының кестесі

және мектеп оқушыларын қамту

 

Мектептердің №

Күні

Уақыты

Оқушылар саны

8

22.01.2019

14.30

13

4

24.01.2019

14.30

17

5

25.01.2019

14.30

21

1

28.01.2019

14.30

0

6

29.01.2019

14.30

16

2

21.01.2019

14.30

6

3

22.01.2019

14.30

18

Мектеп-интернат

24.01.2019

14.30

17

7, 9

31.01.2019

14.30

0

«Арман» МТОТЖО

Онкүндік бойына

 

114

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст