«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дзюдодан қалааралық біріншілік

17.04.2019

Балуандар белдесті

 

2019 жылғы 13 сәуір күні «Арман» МТОТЖО дзюдо-дан қалааралық біріншілік ұйымдастырды. Оны өткізуге Орталықтың спорт бөлімі жауапты болды. Жарысқа Нұрсұлтан, Екібастұз, Петропавл қалалары мен Ақмола облысы Целиноград ауданынан және Нұрсұлтан қаласы «Батыр боламын» клубының жас балуандары қатысты. 2007-2008 жылы туған және 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер мен 2011-2012  жылы туған кіші жастағы жасөспірімдер, 2009 жылы туған және одан кіші жастағы жасөспірім қыздар қатысқан спорттық белдесу өте тартысты өтті.

Іс-шара барысында жалпы 92 дана медаль сарапқа салынған еді. Жарыстың қорытындысы бойынша «Арман» Орталығының шәкірттері 23 салмақ дәрежесі бойынша 15 алтын, 11 күміс, 17 қола медальді жеңіп алды. Мұның барлығы тәжірибелі жаттықтырушы ретінде Д.Н.Азербаевтың және Тоқанов Төлебидің балалармен талмай еңбектеніп, жаттығу барысын дұрыс ұйымдастыра алғанының жемісі деп білеміз. 

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст