Текст
2019 жылғы 18 мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Бір күн ауылда» атты мәдени-танымдық жобасы басталды. Щучинск қаласының 10 мектебі Қызылағаш, Баянбай, Ақылбай, Мәдениет, Атамекен, Қарашілік, Кенесары, Жасыл, Первомайский, Ұрымқай ауылдарына жол тартты. Балалар өлкеміздің тарихы мен мәденитімен, ауылдың тыныс-тіршілігін көздерімен көріп, танысып қайтады. Патриоттық сезім өзінің туған жеріне, ауылына, қала мен аймағына деген шынайы сүйіспеншілігінен басталады емес пе. Бурабай ауданының құрметті азаматы, педагогика саласының ардагері Б.Б.Касенова мен Бурабай ауданы мәслихатының депутаты, Щучинск қаласы №6 ОМ директоры Қ.К.Шаяхметов балаларды құттықтап, сөз сөйледі.