«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21 сәуір күні «Арман» Орталығына тәжірибе алмасу мақсатында Батыс Қазақстан облысының білім беру саласының бір топ мамандары келді.

27.04.2022

Олар: Махметов Берик Амангельдиевич «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінің басшысы, Орынғалиев Үміткер Жұмакелдіұлы Теректі аудандық «Балалар шығармашылық ұйымы» директорының орынбасары, Жампозов Мейірбек Тайманович Сырым аудандық білім беру бөлімінің шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы, Сары Айнұр Рысбайқызы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, Онгаров Миржан Бахытжанович Казталов аудандық «Балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар» орталығының директоры, Танатов Асет Ербулотович Бөкей ордасы ауданық білім беру бөлімінің бас маманы, Муканова Сәуле Кабдыкаировна Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, Жағаппарова Асел Кайрлиевна Ақжайық балалар шығармашылық орталығының педагог ұйымдастырушысы, Сериккалиева Гулзина Сулешовна БҚО білім беруді дамыту орталығының тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы.
Қонақтар «Арман» орталығының үйірмелер мен спорт секциялары өтетін залдарын, кабинеттерін аралап көрді. Орталықтың «Бурабай» этно-өлкетану мұражайын тамашалады. Музей меңгерушісі Касенова Б.Б. Бурабай ауданы мен Щучинск қаласының тарихынан терең сыр шертіп, құнды жәдігерлермен таныстырды. Орталық жұмысының жан-жақты, өнерді, спорттыы, кәсіпті қамтып жатқаны қонақтарды таңғалдырды. Орталық ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, алдағы уақытта іскерлік байланыс орнату ниеттерін білдірді. Арнайы уақыт бөлім, біздің ұжымның жұмысымен танысуға келген қонақтарға біз де сәттілік тіледік.

Просмотров: 95


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст