Шілде айының алғашқы жексенбісі Қазақстанда ұлттық домбыра күні ретінде белгіленген. Биылғы жылы бұл атаулы күн еліміздің астанасы күніне тұспа-тұс келді. Әрі 2019 жылы Балуан Шолақтың 155 жылдығы аталып өтеді.
Бурабай ауданының «Жайлау» этноауылында жоғарыда аталған іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Оған «Арман» МТОТЖО қызметкерлері мен шәкірттері де атсалысты. Орталықтың «Спорт» секциясының «Қазақ күресі» үйірмесінің тәрбиеленушілері өздерінің нағыз балуан екендерін танытты. Қазақ күресінен өткен турнирде топ жарып 25 кг салмақта Адилбекұлы Ерасыл 1 орын, Махаман Еларыс 2 орын иеленді. 29 кг салмақта Жаңалық Айсұлтан 1 орын, Сейсен Расул 2 орын алды. Кабидулов Мирас пен Жанатай Бексұлтан 3 орынға тұрақтады.
32 кг салмақ дәрежесінде Кишкенов Бибарс, 38 кг салмақта Ернұр Көңілді1 орын иеленді. Манатбек заңғар 2 орын, Асылбеков Бимуханбет 2 орын, Олжас Дюсембай 3 орын алды. 42 кг салмақ дәрежесі бойынша Ерлан Алқар 3 орын, Калымжанов Адиль 2 орынға ие болды. 46 кг салмақта Ержанат Адилбекұлы 1 орынды, Үмбетбек Аман 2 орынға ие болды.
2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Шорин Дармен 1 орын алды. 35 кг салмақ дәрежесінде Шукуманов Еркежан 1 орынға, Қайыркеш Асхат 2 орынға, Ерлан Ернар 3 орынға ие болды. Саниев Нариман 50 кг салмақта 1 орын, Лерке Данил 55 кг салмақ дәрежесінде 2 орын, 60 кг салмақта Тоқтарбекұлы Бақжол 1 орын, Рахимжанов Махамбет 2 орын иеленді. Біз балуандарды тұғырлы жеңістерімен құттықтаймыз!
Л.Егембердиева,
«Арман» МТОТЖО