Текст
«Балғыншақ» аула клубында «Қайран, жаз», «Шығармашылық біздің айналамызда» атты суреттер байқауы өтті. Балалар жаз қызығын өз қиялдарына сыйғызып, түрлі-түсті бояумен қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар «36,6», «Твистер», «Дженга» ойындары балаларды қызықтырып, уақыттарын көңілді өткізуге септігін тигізді. Осы арқылы балалар ұйымшылдыққа, ұжымда жұмыс істей білуге үйреніп, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді.