БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
2019 жылының 21-27 қазан аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» атты коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылатын «JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша Бірінші жастар ойындарының волейболдан, әскери-қолданбалы спорт түрінен және тоғызқұмалақтан финалы өтті..
Жарысқа 17 аймақтық команда қатысты.
Волейболдан өткен кездесулерде қыздар құрамалары динамикалық, әрі жанды ойын көрсетіп, өздерінің өте жоғары дайындық деңгейін мойындады.
Бұл спорт түрінен бірінші орынды алматылық волейболшыларды 2-0 есебімен жеңген Шымкент қаласының командасына тиді.
Үшінші орынды Түркістан және Алматы облыстарының командалары бөлісті.
Әскери-қолданбалы спорт түрлерінде (әскерилендірілген кросс және «Отан Қорғаушы» атты әскери-спорт кешенінің нормативтерін орындау) жасөспірімдер арасында екі жас категориясы бойынша жарыстар өтті.
14-15 жас аралығында Масат Садақбаев (Алматы облысы) жеке есепте алтынмен марапатталды. Күміс жүлде Ақмола облысынан келген Данила Анденокқа бұйырды. Ойындардың қола жүлделеріне Николай Ворон (Солтүстік Қазақстан облысы) мен Асылхан Қуанышқалиевке (Ақтөбе облысы) лайық болды.
16-17 жас санатында ақтөбелік кіші армия ойыншысы Дьяс Маликов үздік атанды. Руслан Ақұлбеков (Қарағанды облысы) мінбеден екінші орын алды. Үшінші орынды төрешілер алқасы Иманжүсіп Асылбековқа (Қызылорда облысы) және Роман Щербаковқа (Ақмола облысы) тарту етті.
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша командалық есептен бірінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленді. Екінші орында - Алматы облысының командасы, ал үшінші орында - Ақмола облысының командасы болып анықталды.
Тоғызқұмалақтан ақтық турнир 14-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында өтті.
Жастар арасында бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Әуелбай Ерсұлтан иеленді. Екінші орынды Шымкент қаласының өкілі Жарылқасын Беркімбаев иеленді. Үшінші орынды Дәкен Элдар (Алматы облысы) және Торғай Жайықелді (Маңғыстау облысы) иеленді.
Түркістан облысынан келген Салман Аружан - зияткер қыздар арасында ең нәтижелі деп танылды, екінші орынды Аяна Темірбулатова (Павлодар облысы) алды. Амангелдіқызы Әдемі (Нұр-Сұлтан қаласы) және Жоламан Нұрбақыт (Батыс Қазақстан облысы) қола медальдармен марапатталды.
Бұл спорт түрінен командалық есепте орындар келесідей бөлінеді.
Бірінші орын «Нұр Сұлтан» командасына бұйырды. Турнир кестесінің екінші қатарын Түркістан облысының командасы алды. Павлодар облысының спортшылары үшінші болды.
Бірінші жастар ойындарының қорытынды бөліміне сәйкес командалық есепте бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының командасы, ал екінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленді. Үшінші орын Шымкент қаласының командасына бұйырылды.
Марапаттау рәсімінде финал жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен, сертификаттармен, мақтау қағазадарымен және бағалы сыйлықтармен (велосипедтермен) марапатталды.
Жаттықтырушылар естелік медальдармен марапатталды, бірқатар спортшылар жеке номинациялар бойынша ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Мектеп спорт федерациясы