Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 мамырдағы
№А-6/229 қаулысымен
бекітілді
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының балаларға арналған қосымша білім беру, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету
тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 қаулысымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды және бұйрықтың жобасын дайындауды жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – бұйрықтың жобасын басшылыққа жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрықтың жобасымен танысады – 10 минут. Нәтижесі – бұйрыққа қол қою;
3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың
көшірмесін береді – 5 минут. Нәтижесі – балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
1) жауапты орындаушы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды және бұйрықтың жобасын дайындауды жүзеге асырады – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрықтың жобасымен танысады – 10 минут;
3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін береді – 5 минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының), құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау, осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне қосымша
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесі (жұмыс барысы, ағыны) | |||||||
Көрсетілетін қызметті алушы |
ҚФБ1- тобы |
ҚФБ 2- тобы |
ҚФБ 3- тобы | ||||
|
|
|
|
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің);
|
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берудің басталуы немесе аяқталуы;
|
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ рәсімінің (әрекетінің) атауы;
- келесі рәсімге (әрекетке) ауысу.