2020 жылғы 04 наурыз күні С. Сейфуллин ат. ОМ «Smart Burabay» атты екінші аудандық байқауы өтті. Конкурсқа келесі мектептер қатысты: С.С ейфуллин ат. ОМ, Зеленобор МГ, №8 МГ, «Арман» МТОТЖО, Абылайхан ат. ОМ, Досов ат. ОМ, №4 ОМ.
Жарыс 4 санат бойынша өтті:
Роботтар қарсыласын рингтен шығаруға тырысып, бір-бірімен сумо күресімен шайқасты, жолдағы кедергілерден өту арқылы жылдамдыққа жарысты. Бұдан басқа, көліктер кедергілерден өтуді, лабиринттен шығуды және нақты берілген траектория бойынша қозғалуды көрсетті. Роботтардың кегльдердің түсін қалай ажырататынын және тапсырмада берілген нысандарды итеріп шығаруын бақылау қызықты болды. Орталықтың «Роболэнд» командасы «Суммо» санаты бойынша І орын және «Кегельринг» санаты бойынша І орын алды. Қатысушылардың барлығына әрі қарай да аудандық және облыстық жарыстарда сәттілік тілейміз.