«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жас домбырашылардың аудандық онлайн-байқауы.

26.04.2020

БЕКІТЕМІН

 «Арман» МТОТЖО

МКҚК директоры

        ______________  А.Тургужина

 

Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі мен

ұлы Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында

«Күмбірле, сазды домбыра» атты

жас домбырашылардың онлайн-байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ереже
    1. Осы ереже «Күмбірле, сазды домбыра» атты жас домбырашылардың аудандық онлайн-байқауын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
    2. Байқаудың өткізу мақсаты:
  2. музыка өнері саласында дарынды мектеп оқушыларын анықтау, музыкалық шеберліктерін арттыру және жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

- сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру;

- оқушыларды патриотизмге және рухани-өнегелі тәрбиелеу, домбырада ойнауды кеңінен насихаттау.

  1. Байқаудың міндеттері болып табылады:
  2. тәжірибе алмасу, белсенді жас домбырашыларды анықтау;

- музыка саласында жаңа білімді меңгеруі мен өзін-өзі жетілдіруіне жас домбырашылардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасау;

- балаларды мәдени құндылықтарды сақтауға үйрету;

- балаларды, педагогтерді желілік жобаларға қатысуға ынталандыру.

 

  1. Жас домбырашылардың онлайн-байқауын өткізуді ұйымдастыру.
    1. «Арман» МТОТЖО МКҚК және мектеп оқушыларының аудандық Ассамблеясы байқаудың ұйымдастырушылары болып табылады..                              

2.2 Байқаудың қатысушылары: қала және аудан мектеп оқушылары нақты берілген музыкалық шығарманы орындайды:

           Бірінші жас санаты:  10-13 жас - Халық күйі – «Келіншек»

     Екінші жас санаты: 14-17 жас  - «Ерке сылқым» күйі

 

2.3 Байқау 2020 жылғы 26 сәуір мен 01 мамыр аралығында өткізіледі.

 

3. Байқаудың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар.

3.1 Байқауға қатысу үшін 1 қосымшаға сәйкес форма бойынша өтінімді толтырып жіберу керек.

3.2 Барлық байқауға қатысушылар жоғарыда аталған күйлерді орындаулары, бейнероликке жазуы және 2020 жылғы 1 мамырға дейін armanshuch@mail.ru почтасына жіберулері қажет.  

 

3.2 Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар.

Қатысушылардың жеке аспабы болуы керек.

Орындаулар кеелсі критерийлер бойынша бағаланады:

а) музыкалық аспапты меңгеру деңгейі;

б) ойнау техникасын меңгеру деңгейі;

в) эмоционалдық орындау, артистизм, әсемдік;

г) эмоциялық әсер ету деңгейі.

 

  1. . Байқаудың қорытындысын шығару және марапаттау.
    1. Үздік бейнероликтер әлеуметтік желілер бетінде жарияланады.
    2. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, грамоталармен марапатталады. Барлық дипломдар мен грамоталар эл.почтаға жіберіледі.
    3. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар жеңімпаздарды анықтайды. қазылар шешімі қайта қаралмайды және өзгертуге жатпайды.

 

5. Байқауға қатысуға байланысты барлық мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетінің өкіліне мына тел.бойынша хабарласуға болады: 87055185134 (Газезова Назгуль Каирбековна).

 

Қосымша 1.

 

Өтінім формасы

 

Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі мен

ұлы Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында

«Күмбірле, сазды домбыра» атты

жас домбырашылардың онлайн-байқауы

 

р/с

Қатысушының Т.А.

Жасы

Оқу орнының мекен-жайының атауы

e-mail, байланыс телефоны

Ескерту

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст