Текст
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күніне арналған шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл мереке – еркіндік пен біздің мемлекетіміздің күш-қуатының кемелденгенін білдіретін ең ұлық мереке.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен, қайта жаңғырумен абыройлы жалғастырып келеді. Әлем мойындаған тұғырлы, алпауыт елдермен қатар тұрып, биік тұғырдан жаһандық жиындарға төрелік ететін мемлекетке айналдық.
Осындай ерекше күні Сіздерге зор денсаулық, таусылмас несібе мен тұрақтылық, амандық тілеймін. Отбасыларыңызда әрдайым бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністік, бақыт орын алсын.
Шынайы тілек білдіруші «Арман» Орталығының директоры Айгүл Айтжанқызы.