Қазақстанда 18 мыңнан астам адам наркологиялық есепте тұрады, бірақ іс жүзінде елімізде есірткіге тәуелді адамдардың саны шамамен 200 мыңға жетуі мүмкін,- деп хабарлады ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бахытжан Амирханов. Оның айтуынша, ведомствода есірткі қолданатын адамдарды есепке мәжбүрлеп қою жоспарлануда.
Tengrinews.kz. ақпарат сайтында 2024 жылғы 21 мамыр күні жарияланған.
Қазақстан 8-ші орында тұр. Сарапшылардың есептеуінше, есірткі қолданудың салдарынан қазақстандықтар орташа салауатты толыққанды өмірінің 3,7 жылын жоғалтуда. Біріккен Араб Әмірліктері мен Дания арасында да осындай көрсеткіштер бар, олар сәйкесінше рейтингтің 9-шы және 10-шы орындарында орналасқан. Tengrinews.kz. ақпарат сайтында 2024 жылғы 18 ақпан күні жарияланған.
Жыл сайын республикада нашақорлықпен ауыратын науқастардың саны артып келеді. Еліміздегі барлық нашақорлардың жартысына дерлігі – 30 жасқа дейінгі жастар. Есірткіні шамадан тыс қолданғанның кесірінен жыл сайын бес мыңға дейін адам қайтыс болады, яғни күн сайын 13-14 адамнан көз жұмады. Бұл – жай ғана сандар емес. Әрбір санның артында адам өмірі тұр: ол біреудің әкесі, баласы, ағасы, біреудің аансы, қызы, әпкесі немесе қарындасы.
Қазақстан үшін бүгінгі күні жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен темекі тартудың алдын алу маңызды мәселе болып отыр. Олар адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, ұлттың генофондына жаһандық қауіп ретінде де қабылданады. Нашақорлықтың алдын алуда профилактикалық жұмыс үшін үлкен әлеуеті бар мектептерге айтарлықтай орын беріледі.
Республика бойынша дәстүрлі түрде ақпан айында зиянды әрекеттердің алдын алу айлығы өтеді, соның ішінде нашақорлықтың, темекі тартудың алдын алу шаралары өткізіледі. Мұндай іс-шараларға «Арман» БЖШО жанындағы Балалар қоғамдық қабылдауының психологі Г.А. Анисимова белсенді түрде атсалысады. «Арман» орталығының базасында Бурабай АПБ қызметкерлерінің қатысуымен, қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен интерактивті сұхбат алаңдары өткізілуде.
Бұл кездесулердің мақсаты адам ағзасына, психотроптық заттардың, алкогольдің және есірткінің келтірілген зияны туралы білімді кеңейту. Іс-шаралар барысында алға қойылған міндеттер: оларды қолданудан кейінгі зиянды салдарын көрсету, сонымен қатар оқушылардың бойында оны құптамайтын, теріс көзқарастарын қалыптастыру, есірткіге «ЖОҚ!» деп нық айта білуге үйрету.
Іс-шаралардың өткізілу барысында балаларға «Сезімнің шегінде», «Тұздар мен спайстар. Құрдымға кетер жол» бейнероликтері көрсетіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
11.02.2025 Анисимова Г.А., «Арман» БЖШО психологі