2022 жылғы қазан айында «Арман» БЖШО қала мектеп оқушыларының арасында буллинг әрекетінің алдын алу бойынша онкүндік өтті. «Арман» орталығында әзірленген кестеге сәйкес «Буллинг. Себептері мен алдын алу» тақырыбына интерактивті сұхбат алаңдары өткізілді. іс-шараға қаланың барлық мектептерінің оқушылары қатысты. Балаларға «Қазақстанда әр бесінші бала буллингтен зардап шегеді» деген бейнеролик пен «Мектептегі буллинг. Себептері мен салдары» атты таныстырылым көрсетілді. Мектеп оқушылары іс-шара тақырыбын белсенді талқылады және өмірден өз мысалдарын келтірді. Балалар бейнематериалды қызығушылықпен қарады әрі сұрақтарын қойды. Кездесу мектеп оқушылары үшін де, оларды алып жүрген педагогтер үшін де жемісті болды.
Іс-шараға қаланың барлығы 345 мектеп оқушылары қатысты.
«Мектептегі буллинг» буллингтің алдын алу бойынша дөңгелек үстелдердің кестесі
Мектептердің № |
Күні |
Оқушылар саны |
1 |
14.10.2022 |
43 адам |
2 |
17.10.2022 |
45 адам |
3-4 |
18.10.2022 |
47 адам |
5-6 |
20.10.2022 |
44 адам |
7-9 |
21.10.2022 |
39 адам |
8; мектеп-интернат |
27.10.2022 |
37 адам |
«Арман» БЖШО |
Ай бойына |
95 адам |
Орталық психологі Г.А. Анисимова 2022 жылғы қараша айында топта (сыныпта) буллингті анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 150 оқушы қатысты.
Г.А. Анисимова, «Арман» БЖШО психологі.
/public/files/2023/1/13/130123_180631_2022-bulling-otchet-cdyut-arman.docx