«Арман» БЖШО әдістемелік кеңесі отырысының №1 хаттамасы
2023 жылғы 10 қазан
Қатысқандар: Абылкасов Жуматай Базарович, Алишев Бекжан Дауылбаевич, Андросова Тамара Ивановна, Анисимова Галина Аркадьевна, Ауенова Бибигуль Дюсембаевна, Ахметжанов Айдар Кайрханович, Белявская Асия Анатольевна, Гаврилов Виталий Петрович, Глинов Владимир Петрович, Горлукович Константин Николаевич, Ерёменко Татьяна Викторовна, Ербатыров Азамат Батыргалиевич, Жариков Виктор Владимирович, Жетпісбай Сымбат, Жуков Андрей Викторович, Жуков Павел Викторович, Закрин Талгат Мухтарович, Квачёв Владимир Митрофанович, Кононец Игорь Сергеевич, Куандыков Оразбек Базарович, Кузнецов Виталий Александрович, Матвеева Наталья Александровна, Мухамеджанов Куаныш Максутович, Никитина Наталья Иосифовна, Нурпеисов Канат Султангалиевич, Пядышев Юрий Сергеевич, Алимбекова Юлия Анатольевна, Рублевский Сергей Сергеевич, Рыгина Фарида Рагибовна, Васильева Ольга Васильевна, Слабунов Николай Максимович, Сухопарова Ирина Викторовна,Темиров Орынбай Амангельдинович, ТокановТолеби Сайранович, Тулегенова Гульмира Бегайдаровна, Тургужина Айгуль Айтжановна, Юрченко Наталья Анатольевна, Алимбеков Юрий Александрович, Кусаинов Ермек Баяхметулы , Ахметжанова Диана Жумабековна, Блялов Сагат Карсыбаевич, Кан Зоя Александровна, Газезова Назгуль Каирбековна, Егембердиева Ляззат Картаевна, Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна, Сулейменова Асемгуль Токтаровна
Күн тәртібінде:
1. Әдістемелік кеңестің құрамын және ӘК жаңа оқу жылына арналған жоспарын бекіту. «Арман» БЖШО бөлімдерінің онкүндігін өткізу кестесін бекіту.
2. 2023-2024 оқу жылындағы «Аттестаттау мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық база және әдістемелік ұсынымдар». 2023-2024 оқу жылына арналған педагог қызметкерлердің аттестациядан өту кестесін құру.
3. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.
4. Педагогтердің курстық даярлаудан өтуін ұйымдастыру.
Бірінші сұрақ бойынша: «Әдістемелік кеңестің құрамын және ӘК жаңа оқу жылына арналған жоспарын бекіту. «Арман» БЖШО бөлімдерінің онкүндігін өткізу кестесін бекіту» туралы директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол әдістемелік кеңес мүшелеріне әдістемелік кеңес құрамының тізімін, 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік кеңес жоспарын, 2023-2024 оқу жылына арналған бөлімдердің онкүндігін өткізу кестесін бекітуге ұсынды.
Қаулы етті:
-Әдістемелік кеңес құрамы, 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің жоспары, бөлімдердің онкүндігін өткізу кестесі бекітілсін.
Екінші сұрақ бойынша: «2023-2024 оқу жылындағы «Аттестаттау мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық база және әдістемелік ұсынымдар». 2023-2024 оқу жылына арналған педагог қызметкерлердің аттестациядан өту кестесін құру» туралы әдіскер Е. Вотинованы тыңдады, ол қатысушыларды «Аттестацияны өткізу ережесі мен шарттарын бекіту туралы» бұйрықтың жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, 2023 жылы (қыркүйек-желтоқсан) педагогтерді аттестаттауды тоқтата тұру туралы түсіндірме хатпен таныстырды. Ол әріптестердің назарын 2023-2024 оқу жылында «Арман» БЖШО педагогтерінің аттестаттау кестесіне аударды.
Қаулы етті:
- Е. Вотинованың ақпараты назарға алынсын.
- «Арман» БЖШО үйірмелері мен клубтарының педагогтері кестеге сәйкес аттестацияға дайындалсын.
Үшінші сұрақ бойынша: «Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар» туралы Юрченко Наталья Анатольевнаны тыңдады, ол оқу-тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды назарға ұсынды.
Қаулы етті:
- Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- Орталықтың педагогтері мектепке дейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес оқу-тәрбие процесін құрсын. Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелді.
Төртінші сұрақ бойынша: «Педагогтердің курстық даярлаудан өтуін ұйымдастыру» туралы «Арман» БЖШО директорыдың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол ол орталық педагогтерінің курстық қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру кестесін ұсынды.
Қаулы етті:
- Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- 2023-2024 оқу жылындағы курстық қайта даярлаудан өту кестесі бекітілсін.