ҚЖИ – 2018 аудандық байқауының іріктеу туры
Балалардың жол-көлік апатынан алатын жарақат мәселесі бүгінгі күні қаламыздың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Оның шешімін табуға биліктің атқарушы органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, МАИ қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, сонымен қатар мектеп оқушылары да жұмылдырылуда.
2018 жылғы 11 қазан күні «Арман» Орталығында Бурабай ауданының ауылдық және қалалық мектептерінен 14 команда қатысқан «Қауіпсіз дөңгелек» атты жас инспекторлар қозғалысының үгіт бригадасының жыл сайынғы дәстүрлі байқауы өтті. Байқаудың мақсаты балаларды қауіпсіз жол қозғалысына үйрету және балалардың жол-көлік апатынан алатын жарақатының алдын алу бойынша білім беру мекемелерінің жұмысын жандандыру болып табылады.
ҚЖИ слетінің міндеттері: жол қозғалысының ережелері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру. Балалардың жолдағы қауіпсіз қозғалыс ережесін насихаттау бойынша ҚЖИ отрядтары мен білім беру органдарының озық тәжірибелерін жинақтап қорыту.
Байқауға қатысқандар: Щучинск қаласының №1 МГ, №2 ОМ, №4 ОМ, №5 ОМ, №6 ОМ, №8 МГ, №9 МГ,
№10 мектеп-интернат, №7 МЛ, №3 ОМ, Зеленобор МГ, Сатпаев ат. ОМ,Оқжетпес ОМ, Абылайхан ат. ОМ.
Команда құрамында 12 мен 14 жас аралығындағы балалар қатысты.
Оқушылар сегіз түрлі сайыстан жарысқа түсті:
1. сапқа тұру
2. ЖҚЕ білгірлері
3. мәнерлеп жүргізу
4. жас реттеуші
5. жас санитар
6. үгіт бригадасының байқауы
7. «Ашық үзіліс» байқауы
8. білімпаздар байқауы
«Қауіпсіз дөңгелек» байқауының іріктеу турының қорытыныдсы бойынша финалға келесі мектептер өтті:
Зеленобор МГ, №7 мектеп лицей, №4 ОМ, №3 ОМ, №8 МГ, №9 МГ, №2 ОМ, №6 ОМ, Сатпаев ОМ, сондай-ақ
станциялар бойынша белсенді жауап берген командалар грамоталармен марапатталды.
Виктор Петрович Гаврилов, Николай Максимович Слабунов, Юрий Сергеевич Пядышев, Владимир Митрофанович Квачев, Виктор Валерьевич Кузьмин, Галина Аркадьевна Анисимова, Сагиля Манаповна Курманбаева, Карлыгаш Атымтаевна Байзрахманова байқау барысында қазылық етті, сондай-ақ Бурабай ауданы ІІБ жол полициясының капитаны Бауыржан Тлеуханұлы Қазтаев арнайы шақырылды.
«Арман» МТОТЖО әкімшілігі Бурабай ауданының АІІБ іс-шараны ұйымдастыруға көмек бергендері үшін алғыс білдіреді.
Т.М.Закрин
ӨТБ меңгерушісі
«Арман» МТОТЖО