Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.М. Айтпаева «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ-ның және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен «Балалар - Омбудсманға» бейнеконференциясын өткізді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – өңірлерде әзірленген үздік балалар мен жастардың әлеуметтік жобаларын көпшілікке ұсыну.
Бурабай ауданының делегациясы атынан «Арман» МТОТЖО «Журналист» студиясының тілшілері Әлжанқызы Мөлдір мен Әлжанқызы Іңкар, Быстров Сергей қатысты.